қазақша · русский · english
   
PhD докторлық бағдарлама

 

 

Бағдарлама мерзмі : 3 жыл.

Оқу түрі : күндізгі бөлім, семестр (15 апта).

Білім беретін компонент - 30 кредит.

Ғылыми - зерттеу компонентті -  26 кредит.

Университет әлемнің 25 елі 80 университеттермен белсенді ынтымақтастықта, докторантура бағдарламаларын іске асыруда. Дәрістің оқылымы үшін шетелдік профессорлар шақырылады. Оқу дәрістерін үйренуде инновациялық технологиялармен оқытудың интерактивті әдістері қолданылады. Оқу сабақтары мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі. Докторантардың ғылыми-зерттеу іс-тәжірбиесі 2 ай мерзімінде әріптес жоо жүргізіледі. Ханьшань педагогикалық иниституты (ҚХР), Бэкингем университеті (Ұлыбритания), Будапеш университеті (Венгрия), А. Мицкевич атындағы университет, Сеуль Ұлттық Университеті (Корея Республикасы), Түркі әлемі университеті, Балон университеті(Италия), Монтан университеті(АҚШ), Комплутенс университеті(Мадрид), Хаккайдо университеті(Саппоро,Жапония), М.Ромериса атындағы университет(Литва), Таллин университеті(Эстония) және т.д

Университеттің профессор-оқытушылық құрамы: мамандандырылған мамандармен көрсетілген, ғылым докторлары және кандидаттық дәрежелердегі  ғалымдар және Қазақстанға, Ресейге және басқа мемлекеттің таңдаулы жоо-да тәжірибеден өткен академик профессорлар және доцен атақтары бар ғалымдар.

Докторантардың білім алуына, ғылыми  өмір үшін барлық қажетті шарттар  жасалған. Оқу залдары және кітапханалар жұмыс істеп жатыр. Кітапхана жыл сайын арнайы пәндер бойынша ғылыми, оқу және оқу-әдістемелік әдебиетпен толықтырылып жатыр.

Докторантура үміткерлеріне қойылатын талаптар:

PhD  докторантураға қабылдау

Ғылыми-педагогикалық бағытта магистр академиялық дәрежесі атағы бар тұлға (конкурсқа қатысып мемлекеттік білім грантын иемденуге магистратураны бітіру бойынша СРА үлгерімінің орташа балы 3,33(90) немесе 4,0 (100) кем болмауы тиіс)           

PhD докторантураға үміткерлер шетел тілін білуге  тиісті.

 

PhD докторантура түсу үшін қажетті құжаттардың тізімі,

ректор атына өтініш (үлгі бойынша)

жеке куәлік көшірмесі

докторантураға түсуге сауалнама (Көк сиямен баспа әріптермен қолдан толтыру керек)

жоғарғы білім дипломдарының және қосымшаларының  нотариалды куәланған көшірмесі

Кепілдемелік хат (Ұйымдар мөрімен куәланған)

Ғылыми мақалаларының және оқу-әдістемелік дайындығының тізімі

086-У формада дәрігерлік анықтама

Кадрлық есепке алу бойынша дербес парақша

Кадрлар бөлімімен куәланған еңбек кітапшасының көшірмесі

Егер болса, шетел тіліндегі Сертификат өткізу

Отандық және шетелдік ғалымдар ұсынысымен жоспарланған дессертациялық зерттеулері болуы керек

6 фотосурет  3х4 мөлшерде;