қазақша · русский · english
   
Білім алушының оқу жетістігін бағалау

 

Білім алушылардың оқудағы жетістіктерін бағалау білімді өлшейтін өлшеуіштер негізінде жүргізіледі.

Оқу орны білім алушылардың білімін өлшейтін өлшеуіштердің мына түрлерін әзірлейді: тесттер, билеттер, бақылау сұрақтары (ашық, жабық, құрама, қойылатын талаптарға сәйкес, эссе, т.б.), зертханалық тапсырмалар, есеп-графикалық, курстық және т.б. жұмыстар. Бақылау сұрақтары оқу бағдарламаларының барлық тақырыптары бойынша әзірленеді. Тақырыптарды немесе тапсырма мазмұнын ықшамдап беруде қолданылу сипатына қарай қысқа (билетте) түрде келеді.

Оқытудың күндізгі, сырттай және кешкі нысандарындағы білім алушылардың білімін бағалау бірыңғай өлшеуіштер негізінде жүргізіледі.

Жоғары оқу орындарындағы білім алушылардың оқудағы жетістіктерін бақылау түрлерінде : үлгерімді ағымдағы бақылау, аралық аттестаттау және мемлекеттік қорытынды аттестаттауда - балдық-рейтинг таңбалық жүйеге негізделген баға шкаласы енгізіледі.

Таңбалық  жүйедегі баға

Сандық  эквивалент

пайыздық мазмұны (%)

Дәстүрлі  жүйедегі баға

А

4,0

95-100

Өтежақсы

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

Жақсы

В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

Қанағаттанарлық

С

2,0

65-69

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

«Қанағаттанарлықсыз»

 

«Өте жақсы» деген бағалауға пайыздық мөлшері 95-100% және 4,0 сандық баламасы бар А, пайыздық мөлшері 90-94% және 3,67 сандық баламасы болса А- бағалауына сәйкес келеді. Бұл бағалар білім алушыға, егер ол бағдарламалық материалдарды толық игеруін көрсеткен және қандай да бір қателіктерге бой алдырмай дурыс орындаған, зертханалық және бақылау жұмыстарын уақытылы әрі дұрыс орындаған және ол бойынша есептер тапсырған, бұған қоса өзіндік бірегей ойлау қабілетін танытқан, коллоквиумды тапсыруда қандай да бір қателіктер жібермеген және үй тапсырмаларын орындаған, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысып, пәнді оқып-үйрену барысында өздігінше қосымша ғылыми әдебиеттерді пайдаланған, бағдарламалық материалдарды өз еркімен жүйелей білген жағдайда қойылады.

Пайыздық мөлшері 85-89% және 3,33 сандық баламасы бар «жақсы» деген бағалауға В+ сәйкес келеді және осы бағалауда пайыздық мөлшері 80-84% және сандық баламасы 30 болса В, пайыздық мөлшері 75-79% және 2,67 сандық бағалауы В- ға сәйкес келеді. Бұл бағалар студентке, егер ол бағдарламалық материалдарды 75%-дан кем игермесе және бұған қоса жауап беру кезінде айтарлықтай қателіктер жібермеген, зертханалық және бақылау жұмыстарын уақытылы орындаған және оны тапсыруда негізсіз ескертулері болған, коллоквиумдар мен үй тапсырмаларын дұрыс әрі уақытында орындап негізсіз ескертулермен тапсырған, оқытушының нұсқауы бойынша қосымша әдебиеттерді пайдаланған, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысып, немесе негізсіз ескертулер болған және елеулі қателіктері студенттің өздігінен түзетілген, бағдарламалық материалдарды оқытушының көмегімен жүйелей білген жағдайда қойылады.

Пайыздық мөлшері 70-74% және 2,33 сандық баламасы бар «қанағаттанарлық» деген бағалауға С+ сәйкес келеді және осы бағалауда пайыздық мөлшері 65-69% және сандық баламасы 2,0 болса С, пайыздық мөлшері 60-64% және 1,67 сандық бағалауы С-, пайыздық мөлшері 55-59% және 1,33 сандық баламасы бар D+, пайыздық мөлшері 50-54% және сандық баламасы 1,0 болса D сэйкес келеді. Бұл баға студентке, егер ол зертханалық материалдардың кем дегенде 50% игерген, бұған қоса зертханалық және бақылау жұмыстарын, үй тапсырмаларын орындау кезінде оқытушының көмегін қажет еткен, коллоквиум тапсыру кезінде толымсыз жауаптары мен негізсіз ескертулері болған. зерттеу жұмыстарында белсенділік көрсете алмаған, тек қана оқытушы көрсеткен әдебиеттермен ғана шектелген, материалдарды жүйелеуде біршама қиыншылықтарға бой алдырған жағдайда қойылады.

Пайыздық мөлшері 0-49% және 0 сандық баламасы бар «қанағаттанарлықсыз» деген бағаға Ғ бағалауы сәйкес келеді.Бұл баға студентке, егер оның бағдарламада қарастырылған негізгі материалдарды оқуда кемшіліктері білінген, пән бағдарламасының жартысынан астамы игермеген, жауаптарында елеулі қателіктер жіберген, ағымдағы формалармен қарастырылған жеке және ағымдағы және қорытынды бақылауларды орындамаған, бағдарламада қарастырылған барлық негізгі әдебиеттермен жұмыс жасамаған жағдайда қойылады.

F  бағасы қойылған білім алушы осы пәнді қайта оқып (Retake) 3 ретке дейін тапсыруға құқылы. Қайта тапсыру ақылы түрде жүргізіледі.

Элективті пәннен қанағаттанарлықсыз баға алған білім алушы ереже бойынша осы пәнді қайта оқуға немесе басқа элективті пәнге ауыстыруға құқығы бар. Пәнді ауыстыру эдвайзермен келісіліп жасалуы керек.

Білім алушылардың оқудағы жетістіктерінің деңгейі әрбір пәннен қорытынды бақылаудың бағасы мен рұқсат алу рейтингілік бағадан қалыптасқан қорытынды бағамен анықталады.Рұқсат алу рейтингілік баға пән бойынша білімді қорытынды бағалаудың 60% құрайды, және емтихан бағасы пән бойынша қорытынды бағаның 30 %-нан кем болмауы тиіс.

Кәсіби практика (оқу, оқу-танысу, педагогикалық, өндірістік т.б.) бойынша бағалар келесі түрде қойылады. Практика жөніндегі бір жетекші тағайындалған кезде (ереже бойынша оқу жөніндегі, оқу-танысу, далалық және т.б.) баға есептің рәсімделуі мен қорғаған дүниесінен білімін көрсете алуына сәйкес ұсынылған есепті қорғаудың қорытындылары бойынша қойылады. Практика жөніндегі екі жетекші тағайындалса (ереже бойынша педагогикалық, өндірістік және т.б.) қорытынды бағалаудан 40%-ды құрайтын, практикалық базаның практика жетекшісімен қойылған бағаны және қорытынды бағалаудан 60%-ды құрайтын, қорғау туралы жоғары оқу орнының басшысымен ұсынылған есепті қоса алғанда қорытынды баға қойылады.

Білім алушылардың қорытынды мемлекеттік аттестаттауына баға барлық мемлекеттік аттестаттау комиссиясы мүшелерінің пікірі және балдық рейтингтік әріптік жүйе бойынша көрсетілген білімі ескеріліп қойылады.

Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау бойынша баға ғылыми жетекшінің пікірі, рецензенттің бағасы және қорғаудың қорытындысы ескеріліп қойылады.

Қорытынды мемлекеттік аттестаттаудың әрбір нысаны бойынша баға балдық рейтингілік әріптік жүйе бойынша өзіндік баға қойылады.