GPA Калькулятор
Курстың емтихан қорытындылары бойынша және жазғы семестр қорытындыларын қоса есептегенде білім алушылардың орташа балы анықталады (GPA). Білім алушылардың білімін бағалау жүйесіндегі маңызды орынды - кредиттер сомасы мен қорытынды бағалары ретінде ағымдағы оқыту кезеңіндегі кредитінің сомасына есептелінетін орта бал түрінде айқындалатын студенттің бір жылдағы академиялық үлгерімінің деңгейі алады. GPA білім алушының транскриптінде көрсетіледі. GPA мына формула бойынша есептеледі: GPA= Қс1* К1+Қс2*К2+Қсn+Kn К1+К2+Кn Қс1...........пән бойынша сандық эквиваленттік қорытынды бағалар; К1............ оқытылған пәндердің кредиттер саны n - оқу периодындағы оқытылған пәндер саны GPA есептеу үлгісі:
Информатика 4.0 х 3 = 12.0 Әлеуметтану 3.0 х 2 = 6.0 Философия 0.0 х 3 = 0.0 Көбейтінділердің қосындысы = 12 + 6 + 0 = 18.0 Жалпы кредиттер саны = 3+2+3 = 8 GPA = Көбейтінділердің қосындысы / жалпы кредиттер саны = 18,0 / 8 = 2,25 Келесі курсқа көшу үшін емтиханды тек жағымды бағаға тапсыру жеткіліксіз, сонымен қатар ағымдағы оқу жыл үшін университетпен бекіткен минималды GPA балын жинауы қажет. 2013-2014 оқу жылында бекітілген курстан курсқа көшу GPA балы төмендегідей: 1-курстан 2-курсқа - 1,80; 2-курстан 3- курсқа - 2,00; 3-курстан 4- курсқа - 2,20. Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Оқу кеңесінің шешімі (№11 хаттама, 26.06.2012)
Минималды GPA балын жинай алмаған білім алушы курстан курсқа қалдырылады. Берілген электрондық калькулятор арқылы қажет болған жағдайда ағымдағы емтихан сессиясының қорытындысы бойынша GPA-ді есептеуге болады.
Примечание: Дробная часть цифрового эквивалента отделяется от целой - точкой.
|