1.3 Ағымдағы жағдай сараптамасы Абай атындағы Қазақ ұлтық педагогикалық университеті педагог-кадрларды шыңайтын оқу-білім ордасы ретінде қоғамға кеңінен танымал қазақстандық байырғы жоғары оқу орны. Бүгінде ол - 12 мыңнан астам студент, магистрант және докторанттар оқитын білім, ғылым және мәдениет орталығы. 2007 жылы Абай атындағы Қазақ ұлтық педагогикалық университеті Қазақстан Республикасы Президентінің «Сапа саласындағы жетістіктері үшін» сыйлығының лауреаты атанды. Дәл сол жылы білім беру қызметтерінің сапасы, қоғамның әлеуметтік тапсырысын орындаудың жоғары деңгейі «Еуропалық сапа» және «Біріккен Еуропа» (Ұлыбритания) сыйлықтарымен марапатталды. Университет - бірқатар халықаралық ұйымдар мен ассоциациялардың мүшесі. Бұл жоғары оқу орны 2005 жылдан бері сапа менеджменті жүйесінің МС ИСО 9001:2008 сапа саласының халықаралық стандартының (IQ Net және «Русский Регистр» сертификаттау жөніндегі ұйымының халықаралық сәйкестілік түрде дәлелдеп келеді. 2011 жылы сапа менеджменті жүйесін қайта сертификаттау және оның магистратураның білім бағдарламасында қолданылу аясын кеңейту жүргізілді. Университет еліміздің педагогикалық ЖОО-лары арасында 2009 жылы өткізілген өсу сапасын сараптау қорытындылары бойынша көш бастап келеді. 2010 жылы ҚазҰПУ Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық аккредиттеу орталығы (ҰАО) институционалдық аккредитациясының сертификатына ие болды. Бұл еліміздегі, сондай-ақ халықаралық білім беру кеңістігіндегі университет беделін айқындайтын көптеген көрсеткіштердің бірегейі болып табылады. Бакалавриаттың информатика және физика саласындағы білім беру бағдарламасына сәйкес 2011 жылы ASIIN (Германия) аккредиттеу агенттігінде халықаралық аккредиттеуден өтті. Дамудың мынадай басым бағыттары белгіленді: университетті басқару жүйесін үнемі жетілдіріп отыру; ғылым мен білімді интеграциялау; халықаралық қызметтестікті кеңейту; оқу-тәрбие үдерісін жетілдіру және оны жоғары деңгейде ақпараттандыру; қызметкерлер біліктілігін үздіксіз түрде жоғарылату; материалдық-техникалық базаны ұдайы нығайтып отыру. Бұл басым бағыттар республиканың жоғары білім беру жүйесін дамытудың талаптарына сәйкес келеді. Университетті басқарудың стратегиялық жоспарлауға, сапа менеджментінің жүйесіне негізделген жаңа ұстанымдары белгіленді. ЖОО-ны басқару аясында ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бұл істің тиімділігін жоғарылататын негізгі құрал болып табылады. Университеттің қаржылық саясаты қаржылық тұрақтылықты, шығындарды оңтайландыруды, қызметкерлер тұрмысын жақсартуды қамтамасыз етуге бағытталған. Университет кірістерін қалыптастырудың негізгі көздері-бюджеттік және бюджеттен тыс қаржыландыру жүйелері. Университет өзінің ұзақ мерзімдегі және қысқа мерзімдік міндеттемелері бойынша қаржылық есептесуге қабілетті, бұл оның төлемдік қабілетін және қаржылық тұрақтылығын көрсетеді. Іскерлік белсенділіктің өсу көрсеткіші, тұтастай алғанда, қанағаттанарлық. Алайда ақылы негізде оқитын студенттер құрамына бюджеттен тыс кірістердің тәуелділігі орын алған, осыған байланысты қаржыландыру арналатын, ақылы қызмет аясын кеңейту және бұл туралы жариялылықтың жоғары деңгейде болуын қамтамасыз ету қажет. Тиімді инфрақұрылым жасалған. Университет иелігінде 12 оқу ғимараты, 5 студенттік жатақхана (стадионымен қосқанда), «Спартак» спорт кешені, денсаулық сақтау пункті, 4 тамақтандыру орны, студенттік дәмхана бар. Университетте 10 факультет және магистратура мен PhD докторантура Институты, 63 кафедра, колледж, 4 ҒЗИ және 4 ғылыми орталық, Білім беру сапасын талдау және біліктілікті жетілдіру институты, Ғылыми кітапхананың 13 оқу залы жұмыс істейді. ЖОО-да мамандандыру кабинеттері, компьютерлік сыныптар, лингофондық кабинеттер, оқу зертханалары шеберханалар бар. Оқу-зертханалық орындардың заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілуі білім беру үдерісінің ерекшеліктеріне сай. 512 кб/сек. жылдамдығымен Ғаламторға шыға алатын университеттін ақпараттық-коммуникациялық корпоративтік торабы құрылған, Білім беруді ақпараттандыру орталығы жұмыс істейді. http:www.kaznpu.kz (ip212.19.129.195) мекен -жайындағы серверде орналасқан университеттік портал құрылған, алайда ақпарат беру қуаты әлі шектеулі. Қолда бар ғимараттар мен үйлерді күрделі жөндеуден өткізу және жаңа құрылыстар есебінен материалдық - техникалық база үнемі жақсартылу үстінде. Алайда материалдық-техникалық базаны жаңарту ойдағыдай қарқынмен жүргізілмей келеді. Бұл мамандар даярлау ісіне кері әсерін тигізуде. Басқа елдімекендерден келген студенттерге жатақханадан орын беріледі. Алайда жатақханаға мұқтаждардың 40% ғана мұндай мүмкіндікке ие бола алады. Сондықтан басқа елдімекендерден келгендерді жатақханамен қамтамасыз ету жөнінде бұдан әрі де мақсатты жұмыстар жүргізу қажет. Университет мамандар даярлаудың үш деңгейлі үлгісін қолданып келеді. Олар: бакалавр -магистр - PhD докторы. Осы жүйеде бакалавриатта 55 мамандық, магистратурада 49, докторантурада (PhD) 16 мамандық бойынша білім беру жүзеге асырылады. Бұл оқу орнында білім алатындар саны 2009/2010 оқу жылында 12 749 болса, 2010/2011 оқу жылы 11 500, ал 2011/2012 оқу жылында 12 245 адам болды. Осы санатта магистранттар саны орта есеппен 5%-ды, ал докторанттар қатары 0,4%-ды құрады. Мұндай арақатынастық мөлшер жоғары оқу орнын бітіріп, келесі оқу сатысы бағдарламаларымен білім алуды жалғастыратындар саны негізгі құрам болуға тиіс ұлттық мәртебедегі университет үшін жеткіліксіз. Университетте сапалы оқу үдерісін ұйымдастыруды қамтамасыз ету ісі заманауи талаптарға сай жүргізіледі, оқытудың кредиттік технологиясы енгізілген, сабақтарды өткізудің интерактивтік формалары мен әдістері пайдаланылады, инновациялық технологиялар қолданылады, шетелдік тәжірибе үлгі ретінде алынып, белгілі ғалымдар, профессорлар жұмысқа тартылады. Бүгінде өз қызметінің мазмұнын ғылыми көзқараспен, шығармашылық ізденіспен, ғылымның жетістіктерін, педагогикалық озық әдістерді кеңінен пайдаланумен байытатын педагогтар мол сұранысқа ие. Университетте шағын жасақталған мектептер проблемаларына көп көніл бөлінеді. 2008 жылдан бері «Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Қазақстан Республикасындағы шағын жинақты мектептер Академиясы порталы түріндегі ақпараттық білім беру жүйесін дамыту» атты ғылыми жоба аясында көп жұмыстар жүргізілуде. Осы жоба шеңберінде Алматы облысының Қалпе кентіндегі Дзержинский және Лермонтов атындағы мектептерде On-line режимінде оқытудың аудио-видеолық құралдарын, ақпараттық білім беру бағдарламаларын пайдалану арқылы видео-конференциялар өткізілді. Сондай-ақ республикадағы шағын жинақты мектептер мұғалімдерінің өздігінен білім алу және біліктіліктерін арттыру мақсатындағы курстар ұйымдастырылды. Жоғарыда аталған портал арқылы шағын жинақты мектеп педагогтарының өз білімдерін өздігінен жоғарылату ісі, мектеп оқушылары арасында шеберлік сабақтарын өткізу, мұғалімдер арасындағы тәжірибе алмасу сабақтарын өткізу шаралары ұйымдастырылды. On-line режимінде жұмыс істейтін университеттің профессор-оқытушылар құрамының білім беру қызметі шағын жинақты мектептер мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін арттыратын тиімді технологияларды жүзеге асыру, мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын жоғарылатуға бағытталған. Осы жоғары оқу орнында құрылған қолдау көрсету қызметтері білім беру бағдарламаларын меңгеруге, студенттердің бос уақыттарын дұрыс ұйымдастыруға ықпал етеді. Мамандықтарды оқу-әдістемелік және кітаптармен қамтамасыз етуге көп көңіл бөлінеді. Кітапхананың кітап қорын толықтыруға жыл сайын қомақты қаржы бөлінеді. Университет білім алушыларға жан-жақты әлеуметтік қолдау көрсетіп келеді. Оқу ақысын төлеудің дифференцияланған жүйесі енгізілген, келісімшарт негізінде оқитындар үшін жеңілдіктер жасау тәжірибеге енгізілген. Сонымен қатар оқуға түсуші талапкерлерді іріктеу сапасын жоғарылату, жұмыс берушілерді элективтік курстарды дайындау ісіне тарту, оқу-әдістемелік қамтамасыздандыру сапасын арттыру қажеттілігі өз шешімін табуды күтіп тұр. Мамандықтар мен оқыту тілдерінің ерекшеліктеріне қарай оқулық, кітаптармен қамтамасыз ету ісі ерекше көңіл бөлуді қажет етеді. Студенттер санасына азаматтық және отансүйгіштік сезімдерді сіңіруге, Абай мұрасын насихаттауға, халықтық дәс-түрлерді бағалауға үйретуге, студенттердің әлеуметтік белсенділігін арттыруға, оларды өз-өзін басқара білуге, тұлға ретінде ұдайы өсуге баулуға бағытталған үйлесімді, жүйелі жұмыстар жүргізіледі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі қоғамдық комиссия жұмыс істейді. Жемқорлыққа қарсы акциялар өткізіліп, студенттер арасында сауалнамалар өткізіледі, оқу ғимараттарында ректор пошталары орналастырылған. 2008 жылы тәрбие жұмыстарының жаңа, инновациялық түрлерін іздестіруге бағытталған тәлімгерлік институтының негізі қаланды. Сонымен қатар студенттерді өзін-өзі басқару ұйымдарына, азаматтық-құқықтық, эстетикалық және этикалық тәрбие істеріне, шығармашылық, спорттық т.б.қоғамдық ұйымдарға кеңінен тарту қажеттілігі туындайды. 20092010 оқу жылында профессорлар мен оқытушылар саны 1371 адам болды. Оның 12,7% ғылым докторлары, профессорлар, 38,2% ғылым кандидаттары, доценттер болды, ғылыми дәрежелері бар оқытушылар 51%-ды құрады. 2010/2011 оқу жылында профессор-оқытушылар құрамында 1241 адам қызмет атқарды, олардың 12,5% ғылым докторлары, 38% ғылым кандидаттары болған, ғылыми дәрежеге ие болғандар саны-51%. Ағымдағы оқу жылы ПОҚ-тың жалпы саны -1114 адам, олардың ішінде ғылым доктарлары, профессорлар 16% болса, ғылым кандиттары, доценттер - 38%, ғылыми дәрежелі ұстаздар мен қызметкерлер - 57%. Профеcсор-оқытушылар, қызметкерлер құрамының орташа жас мөлшері - 57 жас, бұл жағдай университет басшылығын алаңдатуда. ҚазҰПУ-да оқытушылардың ғылыми-педагогикалық біліктілігін жоғарылату, олардың қызметтік өсуіне жағдай жасалынған. Қосымша кәсіби білім беру жүйесі кадрлардың біліктілігін жоғарылату бағдарламаларының жүзеге асырылуын қамтамасыз етіп отыр. Соңғы бес жылда 1510 оқытушы біліктілікті жоғарылату курстарынан өтті. Университет оқытушылары ғылыми машықтану, дәріс оқу мақсаттарында шетелдерге барып тұрады. Бірақ бұл - сирек жағдай. Осыған байланысты оқытушылар оңтайлылығын арттыру, жас мұғалімдерді іске тарту, профессор-оқытушылар құрамын жаңғыртып отыру, біліктілікті жоғарылату жүйесін жетілдіре түсу жөніндегі міндеттерді шешу қажет. Ғылыми зерттеулердің белгілі бір басыңқы бағыттарына сәйкес ғылыми мектептер құрылып, іргелі және қолданбалы жобалар жүзеге асырылуда. Жобалар республикалық бюджеттің (62,2 млн.теңге), сондай-ақ университет қаржысы есебінен (65,25 млн.теңге) орындалады. Tempus Legacy International, LEADHER, ITEC-Indian Technical & Economik Cooperation, TEMPUS- CANQA Ага- Хан қоры үйлестіретін 6 халықаралық ғылыми-білім беру жобасы жүзеге асырылу үстінде. Қажетті ғылыми инфрақұрылым құрылған. Шетелдік ЖОО-лармен (Темпус,Эрасмус) бірлестіктегі білім беру және ғылыми-зерттеу жобалары атқарылуда. 15 серия бойынша Абай атындағы ҚазҰПУ басылымы - «Хабаршы» жарық көріп келеді. Қазақстандық жетекші 10 журнал санатында физикалық-математикалық серия басылымы Ұлыбританияның ғылыми журналдарының цитаттау базасына енгізілді. Университет халықаралық қарым-қатынасты жетілдіруге белсене қатысып келеді. Ұлыбританияның, Францияның, Германияның, Чехияның, Польшаның, Қытайдың, Жапонияның, Ресейдің, т.б. жоғары оқу орындары Абай атындағы ҚазҰПУ-дың серіктестері болып табылады. Оқу орнының магистранттары мен студенттерін серіктес университеттермен алмасу бағдарламасы іске асырылуда. Университеттің халықаралық рейтингтерге (Шанхай рейтингілік ұйымы және QS (Ұлыбритания) қатысуын қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. Халықаралық білім беру кеңістігінен лайықты орын алу үшін шетелдік студенттерге білім берудің тартымды жағдайларын жасап, академиялық оңтайлылықты жетілдіре түсу керек және шетелдік ЖОО-лармен бірлескен қосдипломдық білім жүйесін кеңейте беру қажет.
1 кесте - SWOT - сараптама
Жалпы алғанда, университет қызметі бойынша өткізілген SWOT- сараптама оқу орнының Миссиясын, болашақ көрінісі мен стратегиялық бағыттарын белгілеуге, университетің даму стратегиясына енгізілген міндеттері мен көрсеткіштерін айқындауға мүмкіндік берді.
|