1.4 Болашақ көрінісі КӨРІНІМ: Ұлттық Университет мәртебесіне толық сай келу, педагогикалық білім беру саласында қоғамда және халықаралық білім кеңістігінде жоғары беделге ие зерттеу университеті деңгейіне жету. Ұлттық мәртебеге сай болу дегеніміз - университеттің педагог кадрларды даярлау саласында жетекші ЖОО болуы, оның аймақтық ЖОО-лармен тығыз байланыста жұмыс істеуі. Университет сынақтық оқу бағдарламалары бойынша кадрлар даярлауды жүзеге асырады, аймақтық ЖОО-лар басшыларының және профессор-оқытушылар құрамының біліктіліктерін жоғарылату жұмыстарын жүргізеді. Кадрлар даярлауда магистрлік және докторлық бағдарламаларға айрықша мән беріледі. Университетте білім беру саласындағы магистрлер мен PhD докторларын аймақтық ЖОО-лар үшін профессор-оқытушылар құрамын даярлау ісі жинақталады. Зерттеу университетінің кең төлемдегі ғылыми инфрақұрылымы болуға тиіс, оқу орны білім беру саласында ғылыми зерттеулердің бағдарламаларын үйлестіруді жүзеге асырады. 1.5 Миссия МИССИЯ: жоғары әлеуметтік және азаматтық жауапкершілігі бар, бәсекелестікке қабілетті, білікті мамандарды даярлау. Бұл миссияны жүзеге асыру мәні кәсіби біліктіліктерді жоғары, әлеуметтік жауапкершілігі зор, бәсекелестікке қабілетті, заманауи технологияларды меңгерген, ғылыми -педагогикалық және зерттеушілік дағдыларын бойларына сіңірген, еңбек нарығының әлемдік талаптарына сай мамандар даярлауда жатыр. Сонымен қатар миссияны жүзеге асыру біртұтас мәдени, біліми, интеллектуалдық және инновациялық университеттік кеңістікті құруды, Болон үдерісінің әлемдік тенденциялары мен ұстанымдарына сәйкес үздіксіз білім беру сапасын қамтамасыз етуді, халықаралық белсенді қызметтестікті және университет студенттері мен қызметкерлерінің академиялық оңтайлылығын қалыптастыруды қарастырады. 1.6 Басым бағыттар және стратегиялық мақсаттар
|