қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
24.02.2020

№1 Алматы облыстық балалар үйіндегі спорттық жарыс

 

Қазақстандағы Еріктілер жылы аясында 2020 жылдың 3 ақпанында Университеттің Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департаментінің қолдауымен Педагогика және психология институты мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы №1 Алматы облыстық балалар үйінде «Құндылықтар сау денеде гүлденеді» спорттық сайыс өткізді.

 

Шараны «Мейірім» клубы мен «5В012300 - Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының 3 курс практикант-студенттері ұйымдастырды.

 

Сайыстың мақсаты - жастардың бос уақытын тиімді пайдалану үшін күш-жігерді біріктіру, балалар мен студенттер арасында жақсы қарым-қатынас орнату және олардың рухани әлеуетін дамытуға ықпал ету.

 

Балалар үйінің тәрбиеленушілері арасынан құрылған командалар эстафеталық ойындарды спорттық сайысты өткізу ережесіне сәйкес жүзеге асырылды. Белсенді ойындар студенттерді және балаларды біріктірді.

 

Спорттық сайыс қорытындысы бойынша ең белсенді қатысушыларға Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Тәрбие жұмысы және әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Жанатбек Шпекбаевтың атынан кубоктар мен грамоталар, алғыс хаттар табыс етілді.

Сайыс «Алға, жастар!» ұранымен достық атмосферасында өтті. «Сау денеде - сау жан!» бұл маңызды шараға шақыру лейтмотивы болды.Балалар ұйымдастырушыларға, ал олар - спорттық сайыстың жас қатысушыларына шын жүректен алғыс айтты.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

«Мейірім» еріктілер клубы