қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
26.02.2020

Медеу ауданы әкімімен бейресми кездесу

 

2020 жылдың 21 ақпаны күні Медеу ауданының әкімі, «Nur Otan» партиясы Медеу аудандық филиалының төрағасы Сұлтанбек Макежанов оқу орнының басшылығымен, «Абай» бастауыш партия мүшелерімен бейресми түрде кездесті.

 

Кездесу барысында аудан әкімі қазіргі күні ауданда атқарылып жатқан жұмыстар туралы қысқаша ақпарат беріп, әлеуметтік және қоғамдық мәселелер бойынша бірқатар өзекті мәселелерді талқылады. Қатысушылар тарапынан сауалдар қойылып, еркін пікір-алмасу орнатылды. Кездесу аясында «Абай» бастауыш партия ұйымынан мүшелікке жаңадан қабылданған қызметкерлер мен білім алушыларға партиялық билеттер табыстады.


Сонымен қатар, аудан әкімі 2017 жылдан бастап жұмыс істеп келе жатқан «Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысып, университет жанындағы спорт кешенінде өтіп жатқан Алматы қаласы голбол федерациясы ойыншыларының жаттығу жұмыстарын тамашалады.


«Голбол» ойыны - көру қабілеті нашар жандар арасында өте танымал, Паралимпиада ойындары бағдарламасына енген спорт түрі. Қазақстанда да бұл спорт түрі енді дамып келеді.

 

Сұлтанбек Макежанов ойыншылардың жалпы жағдайларымен танысып, университет ректоры Такир Балықбаевқа көру қабілеті нашар жастардың спортпен шұғылдануларына мүмкіндік бергені үшін ризашылығын білдірді.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және
жастар саясаты жөніндегі департаменті