«Зайырлы мемлекеттегі діндарлық және ұлтаралық келісім» апталығы
Жастардың діни сауаттылығын арттыру және оларды деструктивті діни ағымдардың ықпалынан қорғау, жастар арасында экстремизм мен лаңкестіктің таралуына жол бермеу мақсатында ағымдағы жылдың 24-29 ақпан күндері аралығында «Зайырлы мемлекеттегі діндарлық және ұлтаралық келісім» апталығы жүргізілуде.
Апталықтың алғашқы шарасы 24 ақпаны күні ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті академиясының терроризмге қарсы дайындық орталығының қызметкері, дінтанушы Болат Шаймолданұлы Шомановтың қатысуымен дөңгелек үстел жұмысымен басталды.
Жиынды университеттің тәрбие жұмысы және әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Жанатбек Ішпекбаев ашып, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу шараларының маңыздылығына тоқталып өтті.
Сөз кезегін алған ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті академиясының терроризмге қарсы дайындық орталығының қызметкері, дінтанушы Болат Шоманов «Зайырлы мемлекеттегі діндарлық және ұлтаралық келісім» тақырыбында баяндама жасап, тақырыпты толығымен ашып берді.
Саясаттану және әлеуметтік философиялық пәндер кафедрасының меңгерушісі, профессор Жомарт Симтиков «Ұлтаралық келісім өркениетке бастар жол» тақырыбында баяндама жасап, бүгінгі қоғамдағы ұлттаралық келісім мен өркениетті ел болудың басты қағидаларына тоқталып өтті.
Одан әрі Жас ғалымдар кеңесінің төрағасы, 2 курс докторанты Руслан Сейтқазиев «Қазақстандағы ислам: мәселелер және оны шешу жолдары» тақырыбында баяндама жасап, еліміздегі теріс ағымдағы діннің таралуы және оның алдын-алу жолдарын айқындап берді.
Шара барысында студенттер тақырып аясында сарапшыларға сұрақтар қойып, өзара пікір алмасты.
Апталық жоспары
Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және
жастар саясаты жөніндегі департаменті