қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
24.02.2020

«Абай - қазақ халқының ұлы ақыны» әдеби-танымдық кеші

 

2020 жылдың 19 ақпанында Ғылыми кітапханада ұлы ақын, ағартушы, ойшыл Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған «Абай қазақ халқының ұлы ақыны» әдеби-танымдық кеш өтті. Кеш аясында «Абай тұлғасы мәңгілік тұлға» кітабінің көрмесі ашылды.


Іс-шараны ғылыми кітапхана директоры Нұргүл Имансыдыкова ашты. Тақырыптық кештің қонақтары: «Хәкім Абай» - зерттеу орталығы директоры Жабал Шойынбет, Математика, физика және информатика институтының директоры Мұрат Бекпатшаев, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Шерипидин Хамраев, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жасұлан Мұхашев және институттың 2 курс студенттері.


Студенттер Абай шығармаларын оқып, өз өнерлерін ортаға салды. Кітапхана қызметкерлерінің Абай шығармаларын әлем тілдерінде орындады.

Кешке белсене атсалысқан Математика, физика және информатика институтының студенттеріне кітаптар сыйға тартылды.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

Ғылыми кітапхана