Негізгі бет
Жаңалықтар
19.02.2016 Қайырымдылық акциясы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде студенттерді әлеуметтік қолдау, олардың алаңсыз білім алуына жағдай жасау мәселесі басты назарда. Әсіресе мұнда жетім және жартылай жетім, мүгедек студенттердің, тұрмысы төмен отбасылары балалары университет басшылығы тарапынан ерекше қамқорлықта. Мұндай студенттер оқу ақыларына 30 пайыздан 50 пайызға дейін жеңілдіктер жасалған. Бірқатары ректор гранттарымен оқып жүр. Барлығы да жатақханамен қамтылған. 130 студентке оқу орнының асханаларынан түскі тамақ тегін беріледі. Сондай-ақ өте мұқтаж студенттерге жыл сайын бір мезгілдік материалдық көмек көрсету игі дәстүрге айналған.
|