|
| |
Мансап бөлімі
Тәжірибе және жұмыспен қамтамасыз ету бөлімі
Тәжірибе және жұмыспен қамтамасыз ету бөлімі Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің құрлымдық бөлімшесі болып табылады және Абай атындағы ҚазҰПУ жарғысына сай жұмыс атқарады. Бөлім қызметі студенттердің кәсіби тәжірибеден өту кезінде және университет түлектерін максималды түрде мүмкіндігінше еңбекпен қамтуда көмек көрсетуге бағытталған.
Тәжірибе және жұмыспен қамтамасыз ету бөлімінің негізгі міндеттері:
- әлеуметтік серіктестіктерді кеңейту, университеттің мектептермен
- басқа да білім беру ұйымдарымен, өндіріс және ғылыммен байланысын нығайту;
- университеттің институттары мен кафедра студенттерінің оқу және
- кәсіби (диплом алдындағы) тәжірибеден өтулеріне көмек көрсету;
- университеттің түлектері мен студенттерінің еңбекпен қамтылуына,
- мансабының өсуіне көмек көрсету;
- университет бөлімшелерінің түлектерді жұмыспен қамту қызметіне
- бағдар беру;
- еңбек нарығында жүргізілген сараптама нәтижесіне сай еңбек
- нарығындағы құрылым қажеттілігін болжау, аймақтағы және кәсіби жоғары білім салалардағы сұраныс пен мамандарды ұсыну теңдігін анықтау;
Тәжірибе және жұмыспен қамтамасыз ету бөлімінің функциялары:
- институттар мен факультеттермен бірлесе отырып, тәжірибенің
- барлық түрін жоспарлап, ұйымдастыруды қамтамасыз ету;
- кафедралармен бірлесе отрып, кәсіби тәжірибеден өткізуге,
- түлектерді жұмыспен қамту мақсатында ұйымдар мен кәсіпорындармен келісім- шарт жасау;
- кафедралармен бірлесе отырып, тәжірибеші-студенттерді тәжірибе
- базаларына сай бөліп, студенттерді кәсіби тәжірибеге бағыттау мақсатында бұйрық жобаларын жасау;
- кәсіби тәжірибені ұйымдастыру, өткізуге қатысы бар барлық
- кафедралардың қызметін координациялау;
- кәсіби тәжірибені өткізуге қатысы бар ұйымдар мен білім беру
- мекемелерінің қызметкерлерінің жалақысы туралы бұйрық жасау;
- кәсіби тәжірибені өткізуге қатысы бар министрліктермен
- ведомствалармен, мемелекеттік ұйымдармен нақты салалардың қажетті мамандарға зәрулігін анықтау мақсатында байланыс орнату;
- ҚР БжҒМ және ҚР облыстық білім беру басқармаларының
- ведомства, нақты аймақтың және салалардың, нақты бір мамандықтарға сұраныстары негізінде мәліметтер қорын жасау, ұйымдар мен кәсіпорын;
- бос жұмыс орындары жәрмеңкесін ұйымдастыру және өткізу;
- түлектерді орналастыру (жеке орналастыру) жұмысын
- ұйымдастыру;
- жұмыс берушілердің, түлектердің білім деңгейіне қанағаттану
- дәрежесі бойынша мониторинг өткізу.
|