Негізгі бет
Жаңалықтар
15.02.2016 Студенттер лицей қонақтары 2016 жылдың 12 ақпанында Филология институтының орыс бөлімінің 1 курс студенттері №165 мамандандырылған мектеп лицейіне арнайы шақырылып қонағы болып қайтты. Аталған мектеп Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасымен достық қатынас орнатқанына біраз жылдың жүзі болған. Студенттер А.С. Пушкиннің шығармашылығына арналған әсерлі іс-шараның куәгері атанды. Абай атындағы ҚазҰПУ-нің түлегі, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі М.С. Асылбекованың басшылығымен 6 және 10 сынып оқушылары әйгілі ақынның шығармаларына негізделген театарландырылған көрініс ұсынды. Көріністе баяндалған оқиғаларды «Алтын балық», «Поп және оның Балда есімді жұмысшысы» ертегілерінен, «Капитан қызы», «Шаруа қызды бикештер» атты шығармаларан алған. Іс-шарада Татьянаның хаты оқылып, романсқа салынған Пушкиннің өлеңдері шырқалды «Поп және оның Балда есімді жұмысшысы» ертегісінен көрініс Бұл шараны ұйымдастырған лицейге қонақтардан Ресей Федарациясының Алматыдағы ресми өкілі И.В. Переверзева, Абай атындағы ҚазҰПУ орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор С.Ж. Әбішева, С.Бегалин атындағы балалар кітапханасының директоры Е.А. Фомченко алғыс білдірді. № 165 мектеп лицейінің директоры К.Е. Ошанова алтын уақыттарын бөліп келген қонақтарға рахмет айтып, университетіміздің студенттерін болашақта өзінің лицейіне орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болуға жұмысқа шақырды. Мерекенің қожайындар мен қонақтары. |