Негізгі бет /
БАҚ біз туралы
05.03.2020 «Гүлденген көктем» көрермен назарында
Алматы музейінде Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті, Өнер, мәдениет және спорт институтының оқытушылары мен студенттерінің жұмыстарынан құралған «Гүлденген көктем» атты көрме ашылды.
Биыл алғаш рет ұйымдастырылған шарада кескіндеме суреттер, киім эскиздері мен түрлі қолөнер туындылары қойылған.Ұйымдастырушылар көрменің мақсаты - студенттердің туындыларын тек отандық дизайнерлер арасында ғана емес, барша қала тұрғындары мен қонақтарына насихаттау екенін айтады.
Шарада дизайн саласының оқытушылары мен студенттердің туындылары бірдей дәрежеде көрерменге ұсынылды.
«Ең алдымен көрмеден ұстаз бен студенттің арасындағы байланысты, өнердегі байланысты көруге болады. Бірі кәсіби маман, екіншісі студент болғанымен, тең дәрежедегі адамдардың өнерін байқаймыз. Студент кезде де жоғары нәтижеге қол жеткізуге болады», - дейді Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Өнер, мәдениет және спорт институтының директоры Тоққожа Қожағұлов.
Өнер көрмесі 12 наурызға дейін ашық.
Авторы: Арман Октябрь 05.03.2020 ж. Ақпарат көзі: egemen.kz |