Негізгі бет
Жаңалықтар
03.03.2020 Коронавирустың алдын алу шаралары бойынша жиын өткізілді
2020 жылдың 28 ақпаны күні Коронавирустың алдын алу бойынша институт директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, Инфрақұрылымды дамыту департаментінің өкілдері, Тәрбие департаментінің қызметкерлері, жатақхана және оқу ғимараттарының меңгерушілері, денсаулық сақтау пунктінің дәрігер мамандарының қатысуымен кеңейтілген жиын өткізілді.
Жиынды Тәрбие жұмысы және әлеуметтік даму жөніндегі проректор Жанатбек Ішпекбаев жүргізіп, коронавирус індетінің алдын алу бойынша нұқсаулар беріп, ҚР Білім және ғылым министрлігінен келіп түскен санитарлық алдын алу шаралар алгоритмімен таныстырды. Сонымен қатар, шет елдерге білім алуға кеткен және оқу жылының екінші жарты жылдығында академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша шет елдерде ғылыми тағылымдамадан өтіп келетін студенттер арасында коронавирустың алдын алу шараларын қатаң ұстану қажеттігін атап өтті. (Қосымша сілтемеде).
Одан әрі жиынды, бірінші проректор Мақтағали Бектемесов жүргізіп, 28 ақпан күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Алматы қалалық ЖОО ректорларының қатысуымен ҚР Білім және ғылым министрі А.Қ. Аймағамбетовпен өткен бейнеконференция қорытындысы бойынша коронавирус инфекциясының алдын алу туралы бірқатар тапсырмаларды орындау қажеттігін атап өтті.
Жиын нәтижесі бойынша барлық қатысушыларға коронавирустың алдын алу туралы нұқсаулықтар, жадынамалар тарқатылды.
Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және |