Негізгі бет
Жаңалықтар
20.03.2020 Шығыс филологиясы және аударма кафедрасы оқытушылары қашықтан білім беруге көшті
Абай атындағы Қазақ үлттық педагогикалық университетінің ректоры Такир Балықбаевтың өкімі (http://www.kaznpu.kz/kz/2458/notice/) мен ҚР Үкіметінің «Ағымдағы жылдағы 19 наурыз күні сағат 00.00-ден бастап енгізілетін Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының аумағына адамдардың кіруін/шығуын шектеу» туралы (https:///primeminister.kz/kz/news/ob-ogranicheniyah-na-vezd-vyezd-v-iz-gorodov-nur-sultan-i-almaty-172613) шешіміне орай Филология және көптілді білім беру инcтитуты шығыс филологиясы және аударма кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы қашықтан білім беру жүйесіне көшті.
Филология және көптілді білім беру инcтитуты кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы 14 наурыз сағат 11.00.-де ҚР Білім беру министрлігі ұйымдастырған вебинарға ұйымдасқан түрде қатысып, (https://youtu.be/RkjSF9y4l4c) қашықтан білім берудің заманауи тетіктерінің бірі ZOOM жүйесінің қыр-сырларын үйренді. Түрік тілі пәні оқытушылары Гүлназ Сәтбай мен Нуржамал Қоспағанбетова 17 наурыздан бастап білім берудің ZOOM жүйесіне өтсе, оны Ерлан Самбетов (ағылшын тілі), Халминам Масимова (ұйғыр тілі), Элеонора Қансейітова (арап тілі) жалғастырды. Кафедрамыздың басқа оқытушылары ең қысқа уақытта осы жүйеге өтпек. Осы бағытта кафедрамыз институт көлемінде алдыңғы саптан көріне біліп, студенттеріміздің уақтылы және сапалы білім алу үрдісін жалғастыруда. Студент пен магистранттарымыз ағымдағы аралық бақылау мен емтихан кезеңіне бағытталған оқу бағдарламасын қашықтан үйреніп, білім алудың замануи тетіктерін ынталы түрде меңгеру үстінде.
Шығыс филологиясы және аударма кафедрасы |