«Абай-дана, Абай-дара қазақта» эстафетасы жалғасуда
2020 жылдың 20 ақпанынан бастап Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Жаратылыстану және география институты директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нұрлан Манаповтың бастамасымен, Ұлы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Абай-дана, Абай-дара қазақта» эстафетасы ұйымдастырылды. Білім беру үрдісінің қашықтықтан оқытуға көшуіне байланысты бұл іс-шара да қашықтықтан жалғасады.
Студенттердің жіберіп жатқан онлайн бейнероликтері Instagram, Facebook әлеуметтік желілерінде жарияланады. Эстафетаға институттың 1-4 курс аралығындағы барлық студенттері белсене қатысуда. Эстафетаның басты мақсаты - Хәкім Абайдың мұрасын насихаттап, заман талабына сай қайта түлетіп, жас ұрпақтың санасына қондыру арқылы Абай поэзиясымен қазақтың мемлекеттік тілін дамыту. Сөз қадірін Абайша түсініп, Абайша сезіну үшін үлкен жүрек, терең ой, кемел ақыл, ыстық сезім керек. Сондықтан, Абай мұрасы-мәңгілік қазына!
Жаратылыстану және география институты