Негізгі бет
Жаңалықтар
03.04.2020 Арнайы білім беру кафедрасының қашықтықтан оқытуы
ҚР Үкіметінің шешімі бойынша Қазақстандық жоғары оқу орындары коронавирустық инфекция қауіпіне байланысты онлайн-білім беруге ауысты. Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика және психология институтының профессор-оқытушылары да қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар беретін мүмкіндіктерді пайдалана отырып, қашықтықтан оқыту форматына көшті.
Осы замануи бағдарламалардың көмегімен оқытушылар студенттермен байланысқа шығып, кері жауап алуда. Сонымен қоса ақпаратты меңгеруге қосымша материалдар мен өтілген тақырыптарды бекіту үшін тапсырмалар берілуде. Оқытушылар студенттермен күнделікті байланысқа шығып отырады.
Ал біздің студенттер мен магистранттар бекітілген сабақ кестесіне сәйкес, оқытушылардың берілген тапсырмаларын бұлжытпай орындауда және де білім берудің заманауи технологияларын белсенді түрде орсан зор қызығушылықпен меңгеріп, қашықтықтан оқытудан өтуде.
Арнайы білім беру кафедрасы |