қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
25.02.2016

24.02.2016 жылы Филология институты Жалпы тіл білімі кафедрасының ұйымдастыруымен Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім,реформалар, даму» атты Жолдауы аясында және Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Үздік филолог - 2016» дәстүрлі аймақтық олимпиада болып өтті. Олимпиаданы Филология институтының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Б.Ә.Әбдіғазиұлы ашып, топ мүшелеріне жеңіс тіледі.
Олимпиадаға:
1. «Зерде» командасы - І.Жансүгіров атындағы мем.университет;
2. "Ай-Шынар" командасы, Сулейман Демирель атындағы Университет;
3. «Фараби» - әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық  университеті;
4. «Айтұмар» - ҚызМемПУ;
5. «Шаңырақ» - Абай атындағы ҚазҰПУ - магистранттары қатысты.

     

Олимпиаданың қазылар алқасының мүшелері:
1.Жаңабекова Айман, филология ғылымдарының докторы, доцент;
2.Үдербаев Алмас , филология ғылымдарының кандидаты, доцент;
3.Сүйерқұл Ботакөз, филология ғылымдарының докторы,доцент.

Магистранттар төрт кезең бойынша өз білімдерін сынады.
1-сайыс: Ілеспе сұрақ жауабы, әр команда терминдерге қатысты 10 сұраққа жауап беру.

2-сайыс: «Жас ғалым зердесі» сайысы (әр команда белгілі бір магистрлік диссертация тақырыбына тоқталып, жоспарын құру)

3-сайыс: «Тәуелсіздік кезеңі: қазақ тіл біліміндегі жаңа бағыттар» сайысы (белгілі бір жаңа бағыттың негізгі ұғымдары, зерттелуі) ( ұяшықтағы сұрақтарға жауап
беру)

4-сайыс: «Білімдіден шыққан сөз - талаптыға болсын кез» ұшқырлық
сайысы (таңдалған стильге сай мәтін құрастыру, талдау)
Қазылар алқасы сайыстың қорытындысы бойынша Сүлеймен Демирел атындағы университеттің "Ай-Шынар" командасын бас жүлдені тапсырды.

 

Келген қонақтар университет, институт, жалпы тіл білімі кафедрасының ұжымына алғыстарын білдіріп,ризашылықтарын білдіріп қайтты.

Жалпы тіл білімі кафедрасы