Негізгі бет /
БАҚ біз туралы
03.04.2020 Абай атындағы университетте химия пәні онлайн режимде өттіҚазақстандық жоғары оқу орындары коронавирустық індеттің жайылуын болдырмау мақсатында қазіргі кезде онлайн-білім беру жүйесіне ауысты. Абай атындағы ҚазҰПУ Жаратылыстану және география институтының профессор-оқытушылары да қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар мүмкіндіктерін пайдалана отырып, сабақ кестесіне сәйкес білім алушыларды қашықтықтан оқытуда.
Химия кафедрасының аға оқытушысы, химия ғылымдарының кандидаты Жанар Жақсыбаева 3 курс студенттеріне коллоидты химия пәнінен «Беттік белсенді заттар. Беттік белсенді заттардың әсер ету механизмі» тақырыбында дәрісті ZOOM бағдарламасы арқылы онлайн-режимде өткізді. Онлайн-дәрісте студенттерге Power Point-презентация, тақырыпқа байланысты видеороликтер мен демонстрациялық эксперименттер көрсетілді. Студенттермен кері байланыс жүргізе отырып, сабақтың өтілу барысына SWOT талдау жасалып, қорытындыланды.
Авторы: Эльвира Серікқызы 31.03.2020 ж. Ақпарат көзі: egemen.kz
|