қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
06.04.2020

Ғылым онкүндігі аясындағы онлайн-семинар


2020 жылдың 2-10 сәуір аралығында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Ғылым онкүндігі-2020» өтуде. Осы шараға байланысты 3 сәуірде Жаратылыстану және география институтының химия кафедрасының ұйымдастыруымен онлайн-режимде ғылыми семинар өтті.

 

Семинарда Ғылым департаментінің директоры Саябек Сахиев, Жаратылыстану және география институтының директоры Күләш Қаймулдинова, директордың ғылыми істер және халықаралық қатынастар жөніндегі орынбасары Калампыр Жұмагулова, кафедра меңгерушісі Жазира Мұқатаева, кафедраның профессор-оқытушылар құрамы мен докторанттары қатысты.

 

Ғылыми семинарда профессор Жеңіс Шокыбаев «Студент білімін бағалаудың заманауи мәселелері», профессор Гүлжамилә Мейірова «Виртуалды химиялық эксперименттерді ұйымдастырудың ғылыми және практикалық принциптері», 2 курс докторанты Гүлайым Гайсина «Скрайбингті тиімді пайдаланудың әдістері», 2 курс докторанты Дина Нұрмаханова «Қашықтан білім беру үрдісін ұйымдастыру мәселелері» тақырыбында баяндамалар жасады.

 

Семинар интерактивті пікірталас түрінде өтті. Әсіресе, елдегі төтенше жағдайға байланысты Қазақстандық барлық жоғары оқу орындары онлайн білім беру жүйесіне ауысуына байланысты «Қашықтан білім беру үрдісін ұйымдастыру мәселелері», «Скрайбингті тиімді пайдаланудың әдістері» тақырыптағы баяндамалар қатысушылардың үлкен қызығушылығын тудырды.

 

   

 

   

 

   

 

«Химия» кафедрасы