|
| |
Күндізгі оқыту түрі студенттерін тіркеу бөлімі
- Күндізгі оқыту түрі студенттерін тіркеу бөлімі - академиялық тәртіп пен ережелердің орындалуын, білім алу үрдісін бақылауды ұйымдастырумен қамтамасыз ету, күндізгі оқыту түрі білім алушыларының академиялық рейтингтері мен оқу жетістіктерін тіркеуін қадағалайтын академиялық қызметті жүзеге асыратын Тіркеу басқармасының құрамына енетін бөлім.
- Күндізгі оқыту түрі студенттерін тіркеу бөлімі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Тіркеу басқармасының құрамына кіреді, Университет жарғысы, Бөлім туралы ережелер негізінде қызмет етеді және тіркеу басқармасы бастығына тікелей бағынады.
- Күндізгі оқыту түрі студенттерін тіркеу бөлімі өз қызметінде ҚР Үкіметінің қаулыларын, ҚР еңбек туралы заңнамасын, ҚР білім және ғылым министрлігінің нормативтік актілерін, ректор бұйрықтары мен өкімдерін, тіркеу басқармасының бастығының өкімдерін басшылыққа алады.
Негізгі міндеттері
- Күндізгі оқыту түрі студенттерін тіркеу бөлімінің негізгі міндеттері болып:
- Оқытудың кредиттік технологиясына сәйкес білім алушыларды оқу пәндеріне тіркеу;
- Білім алушылардың жеке оқу жоспарының орындалуын бақылау;
- Білім алушылардың оқу жетістігін бақылау жүйесін ұйымдастыру;
- Оқытудың барлық мерзімі ағымындағы білім алушылардың оқу жетістіктерін есепке алу;
- Сессияның академиялық көрсеткіштерін, қорытынды аттестация нәтижелерін талдау;
- Оқытушылар және эдвайзерлермен өзара байланыс;
- Университеттің әкімшілік қызметкерлеріне, оқытушылар мен білім алушыларға толық әрі дәл ақпарат жеткізу;
- СМЖ ИСО 9001:2008-дің талаптарына және оқытудың кредиттік технологиясына сәйкес оқу құжаттарын жүргізу.
Қызметтері:
- Оқуға қабылдау, ауысу, қайта қабылдау туралы бұйрықтардың негізінде білім алушыларды тіркеу;
- Білім алушылардың оқу пәндеріне тіркелу және қайта тіркелу процесін ұйымдастыру;
- Академиялық топтарды қалыптастыру;
- Топтар мен топшалардың рентабельділігін анықтау;
- Білім алушылардың білімін тексеру және тексеруді ұйымдастыру;
- Білім алушылардың білімін бағалауға тәуелсіз емтихан алушыларды тарту;
- Қорытынды бақылау нәтижелері бойынша білім алушылардың академиялық рейтингісін анықтау;
- Қосымша оқыту қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында оқу жоспарындағы академиялық қарыз пәндер мен айырмашылықтарды жою үшін жаздық семестрді ұйымдастыру;
- Талдау және ағымдағы жұмыстар үшін сұраныс бойынша білім алушыларға (транскрипт), деканаттар мен университет әкімшілігіне (емтихандық-рейтингтік тізімдеме, жинақ тізімдемелер, есептер) академиялық мәліметтерді ұсыну;
- Мемлекеттік есеп беру формасын толтыру (34-форма);
КҮНДІЗГІ ОҚЫТУ ТҮРІ СТУДЕНТТЕРІН ТІРКЕУ БӨЛІМІНІҢ әдіскер-тіркеушілері:
|