қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
09.04.2020

Цифрландыру - жаһандық бәсекелестікке жету құралы

 

Өркениет дамуының жаңа сатысы болған қазіргі қоғамда басты байлық және ресурс болып ақпарат пен білім табылады, сондықтан да заманауи қоғамды білім қоғамы деп атау дұрыс болмақ. Бүгінгі таңда адамзат ақпараттық қоры әр үш жылда еселеніп отырады. Бұдан ақпараттың өте үлкен жылдамдықпен дамып жатқандығын көруге болады. Ал, ақпараттандырудың басты тетігі - цифрландыру болып табылады.


Осыған орай 2020 жылдың 8 сәуірінде «6В05203-География» мамандығының 1-ші курс студенттерімен «Цифрлық технологиялар және әлеуметтік өзара әрекет» тақырыбында Тарих және құқық институтының оқытушы Құралай Кантаева «Zoom» кеңістігінде ашық вебинар өткізді.


«Ақпарат кімнің қолында болса, әлем соның қолында», - әйгілі қаржыгер Натан Ротшильдтің бұл сөзі бүгінгі күні ақпараттық қоғамдағы бұқаралық коммуникация, медиамәдениет, ақпараттардың ашық кеңістігіндегі қауіпсіздік пен киберлаңкестік сынды мәселелердің өзектілігін аша түседі. Осы тенденцияларды қарастыру, материалдарды пысықтау мен бағалау мақсатында қашықтан оқытуда тиімді нәтиже беретін Lecture Raicing, Google forms платформалары қолданылды. Вебинар қатысушылары цифрландыру үдерісінің жалпы динамикасы туралы ақпарат алып, цифрлық сауаттылық пен ақпараттық мәдениетті арттыру мәселелері бойынша өзара тәжірибе алмасты.

 

   

 

   

 

Кафедра политологии и социально-философских дисциплин