қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
09.04.2020

Қашықтан өткізілген республикалық ғылыми семинар


Филология және көптілді білім беру институтының орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы «Ғылым онкүндігі» аясында «Білім беру мазмұнын жаңарту аясында орыс тілі мен әдебиетін оқытудың өзекті мәселелері» тақырыбында онлайн-семинар ұйымдастырды.

 

Семинар қатысушыларын институт директоры Балтабай Әбдіғазыұлы құттықтады.

 

Іс-шара барысында профессор Гүлмира Қажығалиеваның жаңартылған мазмұны бар оқулықтарды сынақтан сәтті өткізуі туралы хабарламасы тыңдалды. Жалпыға қолжетімді Opiq.kz платформасында орналасқан «Алматыкітап» баспасының электрондық оқулықтары туралы осы баспаның бас редакторы Марина Асылбекова айтып берді.

 

Семинарға қатысушылар «Алматыкітап» баспасы цифрландыру бөлімінің бас редакторы Елена Капранчиктің электронды оқулықпен жұмыс істеудің көрнекі үлгілері берілген толық презентациясын тамашалады.

 

Модератор кафедра меңгерушісі Сәуле Әбішева әріптестерімен 11-сыныпқа арналған Орыс әдебиеті оқулығында көрсетілген жаңартылған білім беру мазмұнының ұстанымдары туралы өз ой-пікірлерімен бөлісті. Жақында ғана жарық көрген оқулықтың электронды нұсқасы мұғалімдер мен оқушылар арасында кең таралып үлгерді, өйткені сапалы қашықтан оқыту сұранысына жауап береді.

 

Семинарға Алматы қаласы мен облысының (Қапшағай қаласы, Абай ауылы) мұғалімдері, әдіскерлері, Тараз, Шымкент, Өскемен қалалары ЖОО-ның (Абай атындағы ҚазҰПУ-дың бірнеше институты, ҚазМемҚызПИ, Азаматтық авиация академиясы) оқытушылары қатысты. Екі сағаттық семинарға 30-дан астам педагог қатысты.

 

Семинарды аяқтай отырып, Абай атындағы ҚазҰПУ ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры Ақтолқын Құлсариева осындай кездесулердің маңыздылығын атап өтіп, ұйымдастырушылар мен қатысушыларға алғысын білдірді.

 

   

 

   

 

Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы