қазақша · русский · english
   
Академиялық ұтқырлық

Бүгінгі таңда Абай атындағы ҚазҰПУ Болон декларациясының негiзгi қағидаттарын жүзеге асыруда және Қазақстанның барлық ЖОО оқытуың кредиттік жүйесi енгізілген. Сол санда университеттер бiрлескен бiлiм беретiн бағдарламаларды белсенді атқара оытрып, академиялық мобилділікті де қатар алып жүруде. Академиялық мобилділік тiк және көлденең болып бөлінетінін айта кету керек. Тiк академиялық мобилділік шетел ЖОО студенттерін толық оқытуды қамтиды. Көлденең мобилділік студенттің шектелген  мерзiм ағымында (семестр, оқу жылы) шетел ЖОО оқуға мүмкiндiк бередi. Бiлiм дамуының мемлекеттiк бағдарламасында бакалавр студентi бiр немесе екi семестр басқа мемлекеттегi ЖОО оқуға болатыныны ескерiледi.

Одан басқа, мобилділік сыртқы және iшкi болып бөлiнедi.  Сыртқы немесе халықаралық академиялық мобилділік - бұл студенттердің шетел ЖОО оқуы, сонымен қатар оқытушы-зерттеушілердің жұмысы шетелдік білім беретін мекелерде немесе ғылыми ұйымдарда жұмыс істеуі. Iшкi академиялық мобилділік- студенттердi оқуыту, жетекшi Қазақстандық ЖОО оқытушыларының жұмысын қамтиды..  Академиялық мобилділікке қатысатын  талапкерлердi таңдаудың маңызды критерийлерiмен дәл осы кездегі бiлiм туралы құжаттың орташа балы болып табылады немесе студенттiң ағымдағы үлгерiмi, сонымен бiрге шет тiлi бiлiм деңгейі. Бiлiм беретін уәкiлеттi аумақта келесi кезеңде талапкерлердi таңдау және одан әрi шетелге оқытуға  бағыт беретін конкурстық комиссия құрылады.

      Академиялық ұтқырлықты нормативті- құқықты және институтционалды қолдау.

Бүгінгі таңда Қазақстан ең беделді жоғарғы оқу орындарының академиялық ұтқырлығы бойынша дамуын, талдау нәтижелерінің көрсетуінше бір академиялық мерзімге шет елдік ЖОО-на жылына 20-ға жуық білім алушылар шығады.  Дегенмен, ЖОО-ң барлығы бірдей шет елде оқып келген студентердің меңгерген кредиттерін қайта тапсыруды жүзеге асырмайды екен. Осыған байланысты кредиттерді қайта тапсыру сұрақтары нормативті-құқықты актілерге сәйкес өңдеуді талап етеді. Халықаралық білім беретін кеңістіктің әлсіз үйлесімділігінен, Балон үрдісі қағидаттарына сүйенетін академиялық ұтқырлық тиісті деңгейде дами алмады. Әлемнің жетекші университеттерінде талапкерлердің жеке пәндерді игеруге мүмкіндіктер беру үшін кредиттік аударулардың еуропалық жүйесі - ECTS бойынша кредиттерді қайта тапсырудың Қазақстандық жүйесі игерілген. Қазақстандық кредиттік технологиялар оқытуларында дәреже алу үшін меңгеруге тисті кредиттердің ең төменгі саны:

1.Бакалавр- 138 кредиттен кем емес, оның 129 кредиті теориялық оқу;

2. Жоғары арнайы білімді маман біліктіліктері 179 кредиттен кем емес, олардың 161 кредиті теориялық оқу;

3.Магистрлер; Ғылыми және педагогикалық бағытта- 47 кредиттен кем емес, олардың 34 кредиті теориялық оқу.

  Профилді бағытта:

1,5 жылдық оқу- 36 кредиттен кем емес, олардың 28 теориялық оқу.

1 жылдық оқу -24 кредиттен кем емес, олардың 18 теориялық оқу.

4.  философия докторы (PhD) немесе профил бойынша докторлар 60 кредиттен кем емес, олардың 30- теориялық оқу

Бакалаврда оқитын студентердің теориялық оқуларының бір Қазақстандық кредитің жұмыс көлемі  өзіндік жұмыс пен аудиториялық сабақты қоса есептегенде 48 сағат жұмысты құрайды, профилді магистратурада 60 сағат, ғылыми педагогикалық магистратурада 75 сағат, докторантурада 105 сағат

Студентердің академиялық құндылығын қамтамасыз ету үшін және білім бағдарламаларын (жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім түрлері мен барлық деңгейлері) еуропалық білім кеңістігінде мойындауға қажетті Қазақстанның кредиттік жүйесін ECTS кредиттерінде қайта салу.

ECTS шеңберінде академиялық кредит-бұл пәнді игерудегі жұмыс көлемінің өлшемі бірлігі, яғни аудиториялық сабақтар мен өзіндік жұмыс кезіндегі уақыттар ECTS бір кредиті 25-30 академиялық сағатқа тең. Аудиториялық жалпы оқу жүктемесі студентің өзіндік оқу жұмыстарынан мына түрлерін құрайды: эссе, рефераттар, курстық жұмыстар (жобалар) лаброториялық жұмыстар, ағымдық аралық және қорытынды бақылау жұмыстарының түрлері, материялдарды жинақтау мен дипломдық жұмыстардың жазылулары.