Негізгі бет
Жаңалықтар
10.04.2020 Жаратылыстану-ғылыми пәндері бойынша цифрлық оқытудың өзекті мәселелері талқыланды
2020 жылдың 9 сәуірінде Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Жаратылыстану және география институтының ұйымдастыруымен ресейлік әріптестердің қатысуымен «Жаратылыстану-ғылыми пәндері бойынша цифрлық оқытудың өзекті мәселелері» тақырыбында халықаралық ғылыми-әдістемелік вебинар өтті.
Вебинарға Абай атындағы ҚазҰПУ-дың бірінші проректоры Мақтағали Бектемесов, Мәскеу қалалық педагогикалық университеті Жаратылыстану және спорт технологиялары институтының директоры Александр Страдзе, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың оқу ісі жөніндегі проректоры Асан Сәтмырзаев, ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры Ақтолқын Құлсариева, Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Хайрулла Жанбеков, Ғылым департаментінің директоры Саябек Сахиев, Білім беруді ақпараттандыру департаментінің директоры Бахытжан Ахметов, Жаратылыстану және география институтының директоры Күләш Каймулдинова, сондай-ақ, МҚПУ мен Абай атындағы ҚазҰПУ профессор-оқытушылары және Қазақстанның басқа да ЖОО өкілдері қатысты.
Вебинар барысында жаратылыстану-ғылыми білім берудегі цифрлық технологиялар, географиялық білім беруді цифрлық трансформациялау, қашықтан оқыту үдерісінде «оқытушы-білім алушының» өзара оқу әрекеттері, қашықтан оқытуда білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың өзекті мәселелері бойынша тәжірибе алмасты.
Вебинарда МҚПУ биология және адам физиологиясы кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.д., профессор Суматохин Сергей, МҚПУ география және туризм кафедрасының меңгерушісі т.ғ.д., г.ғ.к., профессор Шульгина Ольга, Абай атындағы ҚазҰПУ география, экология және туризм кафедрасының доценті, п.ғ.к. Карбаева Шолпан, Абай атындағы ҚазҰПУ химия кафедрасының докторанты Ногоев Юсуп баяндама жасады.
Жаратылыстану және география институты
|