қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
12.01.2018

ВЕНГРИЯ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СТУДЕНТТЕР ҮШІН 200 ГРАНТ БӨЛДІ

 


 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі мен Мажарстан Республикасы Адам ресурстары министрлігі арасындағы 2013 жылғы 19 қарашадағы білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық жөніндегі келісім шеңберінде Венгрия Үкіметі Қазақстан азаматтарына 2018-2019 оқу жылына «Stipendium Hungaricum» стипендиалдық бағдарламасына қатысу мүмкіндігін ұсынып отыр.

 

Осы бағдарлама шеңберінде венгр тарапы Қазақстан азаматтарына келесі бағдарламалар бойынша 200 грант ұсынып отыр:

- 90 грант бакалавриат бағдарламасы бойынша (өнер, гуманитарлық ғылымдар, машина жасау, ауыл шаруашылығы, ақпараттық технологиялар, туризм, музыка, славистика);

- 90 грант магистратура бағдарламасы бойынша (гуманитарлық және техникалық ғылымдар, ауыл шаруашылығы, өнер);

- 20 грант докторантура бағдарламасыбойынша (барлық мамандықтар).

 

Грант келесі шығындарды қамтиды:

- тегін оқу;

- бакалавриат пен магистратурада шамамен 130 Еуро, докторантурада шамамен 450 Еуро ай сайынғы стипендия;

- жатақханада тұру (немесе жалға алынатын тұрғын үйге шамамен 130 Еуро);

- медициналық сақтандыру.

 

Қалған шығындарды грант иесі өз бетінше төлейді.

 

Көрсетілген гранттар жөніндегі ақпарат «Халықаралық бағдарламалар орталығының» АҚ http://studyinhungary.hu/study-in-hungary/menu/stipendium-hungaricum-scholarship-programme сайтында орналастырылған.

Байланыс телефон нөмірлері: +7 (7172) 249386, 249385, 769082,769083, 24 93 87; 24 93 73.

e-mail: Alzhanova@cip.bolashak.gov.kzSarychev@cip.bolashak.gov.kz

 

Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлім