|
| |
Оқу ақысын төлеу Абай атындағы ҚазҰПУ оқуларының құны білім беретін қызметтердің нарықтық баға түзуде ықпал ететін инфляция және басқа факторларды есепке ала отырып, әрбір оқу жылындағы ғылыми және білім беретін процесті қамтамасыз етудің нақты шығындарынан анықталады және университет ректорымен бекітіледі. Оқу ақысын төлеу ақылы негізде білім беретін қызмет көрсету туралы келісім шартына сәйкес реттеледі. Төлемдерді есепке алу және есептеп шығару жұмыстары қаржы-экономика басқармасында жасалады.
Оқу ақысын төлеу сомалары өзгерген жағдайда ақылы негізде білім беретін қызмет көрсету туралы келісім шартына қосымша келісім жасалады. Төлеу формасы - Абай атындағы ҚазҰПУ оқу ақысын дұрыс есептеу және төлемдерін алу. Басқа оқу мекемесінен ауысып келген студент, сабақтарға кіру рұқсаты туралы бұйрық шыққаннан кейін ақылы негізде білім беретін қызмет көрсету туралы келісім шарт бойынша оқу ақысын төлету жұмыстары жасалады. Студентті оқудан шығару туралы немесе оқу мерзімінің аяқталуы туралы бұйрық шыққан күнге дейін оқу ақысын төлеу бойынша келісім міндеттемелер сақталады. Оқу ақысы төленбеген жағдайда студенттің білімді жалғастыруға, мерзімді сессияға кіруне және қосымша семестрдегі пәндерге тіркелуіне рұқсат етілмейді, университеттен шығарылады. Оқудың ақысын құрайтын қаржы қарыздарын жүйелі өндіру, Қазақстан Республикасының заңымен бекітілген. Ақылы формадан білім беретін гранттарға ауыстыру конкурстық негізде бос орындар бар болған жағдайда, демалыс уақытында республикалық конкурстық комиссия шешімі бойынша іске асырылады. Оқудың барлық мерзімінде үлгерімдерінің орташа бал көрсеткіштері бірдей жағдайда, яғни бағалары "жақсы" және "өте жақсы" ( А, А-,В+, В, В-) студент білім беретін гранттар алу конкурстарына қатыса алады. Білім беретін гранттарға (бос орындарға) конкурс жариялаудан кейін қалған үлгерімі жоғары орташа баллды студентке мамандық конкурстық негізде Комиссиямен беріледі. Комиссия шешімі негізде білім беретін гранттар беруге ҚРБҒМ бұйрығы шығарылады. Білім беретін гранттар бойынша бар бос орындар туралы мәлімет ҚРБҒМ сайтында көрсетіліп отырады: http://www.edu.gov.kz./
|