қазақша · русский · english
   
Қазақстан тарихы бойынша мемлекеттік емтиханды ұйымдастыру және өткізу


Абай атындағы ҚазҰПУ Бакалаврдың барлық академиялық бағдарламаларында" Қазақстан тарихы" курсы міндетті талап бойынша оқытылады.
• " Қазақстан тарихы" пәні бойынша мемлекеттік емтихан академиялық күнтізбеге сәйкес, аралық бақылау мерзімінде осы семестр ішінде толық меңгеріліп біткенен кейін жүргізіледі.
• Орташа кәсіби білім базасыда оқуын жеделтетілген мерзіммен қысқартылған білім беретін бағдарламалар бойынша білім алушы студенттер Қазақстан тарихы пәнін оқиды және осы пән бойынша мемлекеттік емтихан тапсырады.
• Жоғарғы білім базасында оқуын жеделдетілген мерзімде қысқартылған білім беретін бағдарлама бойынша білім алушы студенттерге Қазақстан тарихы пәні өтілмейді және осы пән бойынша мемлекеттік емтихан жүргізілмейді.

• Қазақстан тарихы пәні бойынша мемлекеттік емтиханды өткізу үшін кафедрада осы пән бойынша бір үлгідегі оқу бағдарламалар негізінде, оқудың барлық формасы мен мамандықтарға бір тұтас жұмыс оқу бағдарламасы жасалады және университеттің ғылыми кеңесінде бекітіледі. Мемлекеттік емтиханды өткізу формасы факультеттің ғылыми кеңесінде анықталады.
• Қазақстан тарихы пәні бойынша мемлекеттік емтиханды қабылдау үшін жылдық күнтізбеге құрамында комиссия төрағасы мен мүшелері бар мемлекеттік емтихан комиссиясы (МЕК) құрылады.
• МЕК төрағасынының кандидатурасын ағымдағы оқу жылының 1 қарашасынан кешіктірмей ҚР БҒМ жібереді." Қазақстан тарихы" пәні бойынша МЕК төрағасы ағымдағы оқу жылының 1 желтоқсанынан кешіктірмей ҚР БҒМ бұйрығымен бекітіледі.
• МЕК жоғары мамандандырылған оқытушылар құрамынан университет ректоры бұйрығымен бекітіледі
• МЕК мәжілісінің кестесі мемлекеттік емтиханның басталуына дейінгі екі апта ішінде кешіктірілмей, академиялық күнтізбеге сәйкес тіркеу бөлімі мен және оқу ісі жөніндегі проректормен бекітіледі
• МЕК мәжілісінің ұзақтығы күніне 6 академиялық сағаттан аспауы тиіс.
• МЕК мәжілісі әрбір студентке жеке хаттама толтырады және мәжіліске қатысқан комиссия төрағасы және мүшелерімен қол қойылады.
• МЕК мәжілісінің хаттамасын осы пән бойынша сабақ беретін, кафедраның негізгі оқу-қосалқы өкілдерінен тағайындалған хатшы толтырады.
• МЕК мәжілісінің хаттамалары А4 форматындағы парақтарға түптеледі, рет сандары қойылады, бау өткізіліп мемлекеттік емтихан басталғанға дейін тіркеу басқармасының мөрі қойылады.
• Егер, студент МЕК мәжілісіне қатыспаса, хаттамада оның фамилиясының қасына «қатыспады » деген белгі қойылады.
• Мемлекеттік емтиханның нәтижесі студент білімдерінің балдық әріптік жүйесі бойынша бағаланады.
• Қазақстан тарихы пәні бойынша емтихан тапсыру нәтижелері студенттердің сессия уақытында жинақтаған білім қорытындысы ескеріліп, есепке алынады
• Қазақстан тарихы пәні бойынша мемлекеттік емтихан нәтижелері мемлекеттік емтихан бағасы мен студентердің баға ретингтері қорытынды бағаларын есепке алу бойынша жүргізіледі. Пән бойынша аралық бақылау білімдерінің қорытындысы 60 пайыздан кем болмауы тиіс, қорытынды мемлекеттік емтихан бағасы 30 пайыздан кем болмауы тиіс.
• Қазақстан тарихы пәні бойынша мемлекеттік емтиханнан «қанағаттанарлықсыз» баға алған жағдайда, ол келесі академиялық мерзімде оқу сабақтарының барлық түрін қайта оқып шығу керек немесе жазғы семестрде ағымдағы бақылаудың талаптарын орындау керек, бұл пәнге қайта жазылып мемлекеттік емтихан төрағасынан кіру рұқсатын алуы тиіс.
• Қазақстан тарихы пәні бойынша бағаны жоғарлату мақсатында емтиханды қайта өткізуге рұқсат етілмейді.
• МЕК мемлекеттік емтихан өткеннен кейін нәтижесімен келіспеген студентер кешіктірмей келесі күні апелляцияға кіре алады.
• Университет ректоры бұйрығымен апелляция өткізу үшін Қазақстан тарихы пәні бойынша тәжірибелі оқытушылар ішінен апелляциялық комиссия құрамы құрылады.
• Апелляцияны қанағаттандыру жағдайында апелляциялық комиссиялар мәжіліс хаттамасы қайтадан толтырылады. бұл жағдайда бірінші хаттма нәтижелері «Баға» №_______хаттамамен ______ күні ____бетте қайта толтырылды» және қатысып отырған апелляциялық комиссияның барлық мүшелерімен қол қойылады.
• «Қазақстан тарихы» пәні бойынша мемлекеттік емтиханды өткізу нәтижелері оның қорытынды емтихан сессиясында жинақтаған бағалары ескеріледі.
• Жұмыс аяқтау бойынша МЕК комиссия төрағасы факультеттің ғылыми кеңесінде талқыланған және бекітілген есеп құрады және ҚР БҒМ өкілділігіне тапсырылады. Дегенмен «Қазақстан тарихы» пәні бойынша мемлекеттік емтихан Төрағасы қыста тапсырылған емтихан есебін ағымдағы жылдың 1наурызынан кешіктірмей, ал жазда тапсырылған емтихан нәтижесінің есебін есептеу 1тамыздан кешіктірмей тапсыруы тиіс.