|
| |
Оқу басқармасы
Оқу басқармасының құрамына мынадай бөлімдер кіреді:
- Оқу бөлімі;
- Студенттер бөлімі;
- Жұмыспен қамтамасыз ету және тәжірибе бөлімі;
- Оқытудың техникалық құралдары бөлімі;
- Академиялық ұтқырлық секторы.
Оқу басқармасының қызметкерлері ҚР БҒМ-нің РОӘК-ң «Білім» тобындағы мамандықтар бойынша ОӘК-нің жұмыс органы болып табылады.
Оқу басқармасының негізгі қызметері болып табылатындар:
- «Білім» тобындағы мамандықтарды дайындайтын білім ұйымдарындағы оқу-әдістемелік іс-әрекеттің өзара байланысын іске асыру;
- Еңбек нарығындағы мамандықтардың қажеттілігіне қарай кепілдеме даярлауға қатысу;
- Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға арналған мемлекеттік жалпыға бірдей стандартты жаңалауға және дамытуға қатысу;
- Жоғары білім және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға арналған мамандықтардың пәндері бойынша типтік оқу бағдарламаларын жасауға қатысу;
- Жоғары оқу орындарындағы инновациялық әдісті оқып үйрену;
- Конференцияларды, семинарларды және жоғары оқу орнындағы мәселелер жөніндегі жиналыстарды ұйымдастыруға қатысу;
- Оқу үдерісі мен білім сапасының тиімділігін көтеру;
- Факультет және кафедралардағы оқу үдерісін үйлестіру;
- Жас оқытушылардың педагогикалық шеберліктерінің сапасын көтеру;
- Факультет және кафедралардың оқу жұмыстарын талдау және нәтижелерін қорыту;
- Университеттегі оқу үдерісін ұйымдастыру және жетілдіру;
- Оқу үдерісінің мазмұнын талдау, кафедраларға жаңа технологияларды енгізуді қадағалау;
- Мемлекеттік білім беру гранттарында және ақылы түрде оқитын күндізгі және сырттай оқыту нысандары студенттерінің іс-қағаздарын жүргізу (жеке іс-парағы, сынақ кітапшаларын, студенттік билеттерін, анықтамаларды тіркеу және тарату, т.б.);
- Студенттер контингентінің қозғалысын қатысты өкімдер мен бұйрықтарды дайындау;
- Жұмыс берушілермен және халықты жұмыспен қамтамасыз ету аясындағы аймақтық өкілетті органдармен мамандарды даярлауға байланысты әлеуметтік серіктестікті дамыту;
- Тиісті мамандықтар бойынша мектептер мен кәсіпорындарда бос орын және университет бітірушілері туралы ақпарат алмасуын жүргізу;
- Бос орын жәрмеңкесін ұйымдастыру және қатысу
Оқу басқармасы сапа менеджменті жүйесінің аумағында:
- Сапа менеджменті жүйесі үшін барлық процесстердің әзірленуі, енгізілуі және жұмыс жағдайында болуына жауапкершілікпен қарайды;
- Студенттің, магистранттың, білімін жоғарлатуға келген тыңдаушының қойған талаптарына жауап береді;
- СМЖ-дегі қойылған талаптар мен ескертулерді орындалғанын бақылап отырады.
Оқу басқармасының кепілдемені енгізуді ұйымдастыруында:
- Оқу басқармасы, тұтынушының талабына сай (студент, магистрант, тыңдаушының) ҚР ЖММБС-тына, ИСО 9001:2000 стандартына сай келуіне жүргізілген жұмыстарды ұйымдастыруға қатысады;
- РОӘК, ОӘБ, ҚР ҰБМСТО-ның ұйымдастыруымен өткізетін жиналыстар мен отырыстарға қатысады.
|