қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
21.04.2020

Музыка ЖБТ РОӘК WEB-отырысы


2020 жылдың 18 сәуірінде «6В014, 7М014, 8D014 - Жалпы дамудың пәндік мамандандыруымен педагогтарды дайындау/Музыкалық білім беру» бағыттары бойынша жобаларды басқару топтарының «Музыкалық бағдарлама» республикалық білім беру бағдарламасының өзекті мәселелері» тақырыбында ЖБТ РОӘК ББТ республикалық WEB-отырысы онлайн режимде өтті.


Отырыс модераторы - «Музыка» ЖБТ РОӘК ББТ жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, Абай атындағы ҚазҰПУ музыкалық білім беру және хореография кафедрасының профессоры Лора Нарикбаева «Жаңа талаптарға байланысты «Музыкалық білім беру» мамандығының білім беру бағдарламалары. ББ сәйкестендіру және вариативтілік мәселесі» тақырыбында баяндама оқыды.


Отырыста күн тәртібіне сәйкес «Музыкалық білім беру» мамандығының уақыт талабына, білім беру саласындағы реформаларға, жаңартылған жалпы орта білім беруге байланысты шешімін табуы тиіс мәселелері көтерілді.


Отырысқа Абай атындағы ҚазҰПУ ОӘК ғалым хатшысы Ұлмекен Нұрғалиева қатысты, ол осы жұмыс бағытында ОӘК атынан өзінің тілегін білдірді және болашақ жұмыстарға қатысты ұсыныстарын айтты.


Отырысқа 18 адам қатысты. «Музыкалық білім беру» мамандығының болашағына бейжай қарамайтын аймақтар мен әртүрлі жоғары оқу орындарының тәжірибелі өкілдері, «Музыка» ЖБТ РОЭК басшылары мен мүшелері белсенділік танытты:
1. Кульманова Шолпан, п.ғ.д., профессор, Оразалиева Мөлдір Аббасқызы, п.ғ.к., ҚазҰҚПУ музыкалық білім беру теориясы мен әдістемесі кафедрасының қауымдастырылған профессоры - «Болашақ музыка мұғалімдерінің білім беру бағдарламаларының базалық пәндері туралы».
2. Колесникова Галина - педагогика ғылымдарының кандидаты, Қозбаев ат. СҚУ доценті, «Болашақ музыка мұғалімдерін инклюзивті білім беруге дайындау», Петропавл қ..
3. Калиакбарова Ләйлә - педагогика ғылымдарының кандидаты, Құрманғазы ат. ҚҰК өнертану профессоры, «Музыкалық білім беру» ББ студенттерінен қашықтықтан оқыту форматында семестр ішілік бақылау мен емтихандарды өткізу», Алматы қ.
4. Оспанғалиева Сәуле, Алматы қ. №12 ОМ музыка мұғалімі, баяндама тақырыбы: «Музыка: артықшылығы мен кемшіліктері» пәні бойынша жаңа оқулықтар».
5. Маханова Аскен, Абай атындағы ҚазҰПУ «Музыка» пәні бойынша бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі кафедрасының доценті, «Жалпы білім беретін мектептер үшін «Музыка» пәні бойынша жаңа оқулықтар дайындау: мүмкіндіктері мен болашағы».


Сонымен қатар отырысқа: Абай атындағы ҚазҰПУ музыкалық білім беру және хореография кафедрасының қауым. профессоры, п.ғ.к. Алия Момбек; Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университетінің өнер және музыка кафедрасының қауым. профессоры Тулеш Ахметова; Қозыбаев атындағы СҚМУ магистрі, аға оқытушы Татьяна Жукова; Абай атындағы ҚазҰПУ музыкалық білім беру және хореография кафедрасының меңгерушісі Қамарсұлу Ибраева және қауым. профессор Светлана Балағазова; музыкалық білім беру кафедрасының магистрі Наурыз Кулданов қатысты.


Отырыс қорытындысы бойынша кең салалы музыка педагогтарын дайындауды әрі қарай жетілдіру және реформалау үшін «Музыкалық білім беру» мамандығының талқыланған мәселелері бойынша қарар қабылданды.

 

   

 

   

 

   

 

 

Музыкалық білім беру және хореография кафедрасы