қазақша · русский · english
   
ECTS түріндегі кредиттерді қайта есептеудің Қазақстандық үлгісі шеңберіндегі академиялық ұтқырлық

Жоғарғы оқу орын мекемелерімен бәсекеге түсе алатын және әріптестікті кеңейтіп, лингвистикалық плюрализмге жағдай жасап, басқа мәдениеттерді түсінуге қабілеттілік пен алуан түрлі құрмет қалыптастырып, жеке тұлғаны дамыту мен жұмысқа орналасуын қамтамасыз етуде академиялық ұтқырлық маңызды мәнге ие. Абай атындағы ҚазҰПУ қайтіп келу бойынша есепке алынатын студент, академиялық ұтқырлық шеңберінде  шетелдік ЖОО жылдық курсты немесе толық семестрді өткізе алады. Академиялық ұтқырлықты қаржыландыру мыналардың есебінен жүзеге асырылады:
      - республикалық бюджеттің құралдары;
      - жоо бюджетінен тыс құралдар;
      - ұлттық серіктестік гранттары, әлеуметтік әріптестік, халықаралық қор;
      - студентің жеке құралдары;

  • Академиялық ұтқырлық оқыту бағдарламалары бойынша шетел университетінде оқуға ниет білдіруші студентердің жеке құралдары арқылы академиялық ұтқырлықты қаржыландырудың ерекше жағдайларында, потенциялдық үміткерлердің арасынан университетте конкурстар өткізу бойынша комиссалар жұмысы ұйымдастырылады.

Конкурстық таңдаудың негізгі белгілері:
Абай атындағы ҚазҰПУ бір академиялық мерзімді аяқтау үлгерімі « A », « A- », « B », « B+ »,
« B-» болса,
шетел тілінде еркін сөйлеу (шет тілі бойынша тест тапсыру туралы сертификаты болса).
Академиялық ұтқырлықты жоспарлау және ұйымдастыруда келесі құжаттар қолданылады;
-Мобилділік бағдарламалары бойынша кетіп бара жатқан студенттер өтініші;
-Мобилділік бағдарламалары бойынша оқу туралы келісім
- Оқыту туралы крипталар;
-Ақпараттық пакет.
Ақпараттық пакет/ курс каталогтары мемлекеттік, орыс ағылшын тілдерде қалыптасады.
Жеке жоспарда: университеттің қызметінің өте маңызды салалары --академиялық, әдістемелік-ұйымдастыру, ғылыми және қосымша ақпаратты қоса (спорт-сауықтыру шаралары, мәдени-іс шаралары, материалды-техникалық базалары) сипатталады.
Жеке жоспарда келесі негізгі бөлімдер бойынша университеттің сипаттамалары бар:
     - Университет туралы жалпы мәлімет;
     - оқыту бағдарламалары туралы мәлімет;
     - студентер үшін қосымша мәлімет;
Өтініште шетелдік мобилділік бағдарламаларына қатысу үшін студент мативациясы туралы мәліметтер, шетелде тіл бойынша оқыту біліктілік деңгейі туралы мәліметтер, жұмыстар тәжірибесі және шетелде алдыңғы қатарлы оқулар, шетелде оқу үшін грант алу мүмкіндіктері туралы ақпараттар жеткізілген. Құжат 3 қосымша бойынша толтырылады.
академиялық мобилділік бағдарламалары бойынша оқуға келісім академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша студенттің оқу процессін реттейтін негізгі құжат болып табылады және ол 4 қосымша форма бойынша ағылшын тілінде (шетелдік жоо үшін) толтырылады.
Академиялық мобилділік бағдарламасымен студенті қабылдаушы ЖОО оң шешімінде қабылдаушы ЖОО-мен келісім үш жақты ретте Абай атындағы ҚазҰПУ және студентерімен қол қойылады.
Академиялық мобилділік бағдарламасы бойынша оқытуды растайтын крипталар, қорытынды құжатпен ағылшын тілінде(шетелде оқыған жағдайда) толтырылады.
Қазақстан Республикасының кредиттеріде ECTS (ЕС университеттерінде пәнді игерудегі жұмыс көлемінің өлшем бірлігі)кредитін қайта есептеубілім беретін бағдарламалардың деңгейі мен әрбір пән ECTS бойынша 1 кредиттен толықтырылу тәуелділігіндегі ауыспалы коэффициенттер негізінде жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының кредиттеріде ECTS кредитін қайта есептеу ECTS кредитін бөлу жолымен, кері - аударма коэффициенттін көбейту жолымен жүзеге асырылады. Бакалавриат үшін аударма коэффициент 1,5 тен 1,8 дейінгі аралықта. Дегенмен кредиттер толық бірлікте қалыптасады. Осы аударма коэффициенттер теориялық оқуларды (аудиториялық сабақтар мен СӨЖ ескере отырып) қайта есептеу үшін қолданылады.
Оқу жұмыстарының басқа түрлерінің кредитін қайта есептеу аналогиялы жүзеге асырылады, дегенмен келесі аударма коэффициенттері қолданылады.
Тәжірибе : оқу - 0, 5-тен- 0, 6 дейінгі шекте, педагогикалық - 1, 0- ден 1, 2 дейін, өндірістік - 2, 5 - 3, 0 шекте, қорытынды бақылау - 3, 2- ден 4, 5.279 дейінгі шектерде.
Академиялық ұтқырлық шеңберлерінде өзара мойындау механизмі және пәндерді қайта санау 05.09.2011 ж ECTS үлгісі бойынша кредиттерді қайта санау реті бойынша Қосымша келісімі арқылы жүзеге асырылады.
Университет бойынша ЕСTS координаторы тіркеу басқармасы болып табылады, академиялық мобилділік бағдарламалардың координаторларын халықаралық әріптестік (сыртқы академиялық мобилділік) басқармасы жүзеге асыратын болады, тіркеу бөлімінің (ішкі академиялық мобилділік) басшысы факультеттерде - оқу жұмыс бойынша декан орынбасарлары жүзеге асырады.
ECTS бағаларының шкаласы «бес оң бағалардан тұрады» («А»-дан «Е»- дейін»), «FX» бағалары түзетілуі мүмкін және «F» бағасына кредиттер берілмейді.
Балдық-рейтингті әріптік жүйеде ECTS бойынша бағалардың аудармасы студенттің оқу жетістіктерін бағалау және келесі кестеге сәйкес кері жүзеге асырылады.