Негізгі бет /
БАҚ біз туралы
27.04.2020 Жаратылыстану пәндері бойынша зертханалық жұмыстар вебинары өтті
Абай атындағы ҚазҰПУ Жаратылыстану және география институтының жаратылыстану-ғылыми пәндерінен мұғалімдерді даярлау бағыты бойынша доцент Ш.Ш.Карбаева жетекшілік еткен команданың ұйымдастыруымен РОӘК ОӘБ тәжірибе алмасу мақсатында «Қашықтан оқыту форматында жаратылыстану пәндері бойынша зертханалық жұмыстарды өткізу» тақырыбында ғылыми-әдістемелік вебинарын өткізді.
Вебинар жұмысына Абай атындағы ҚазҰПУ оқу-ісі жөніндегі проректоры А.А.Сәтмырзаев, А.И.Герцен атындағы РМПУ химия және экологиялық білім беру кафедрасының меңгерушісі О.Г.Роговая, Академиялық мәселелер жөніндегі департаментінің директоры Х.Н.Жанбеков, Білім беру бағдарламаларын жобалау департаментінің директоры А.М.Байдильдина, Жаратылыстану және география институтының директоры К.Д.Каймулдинова, кафедра меңгерушілері, сондай-ақ, Абай атындағы ҚазҰПУ профессор-оқытушылары мен Қазақстанның басқа да ЖОО өкілдері қатысты.
Вебинар барысында профессор-оқытушылар құрамы жаратылыстану-ғылыми пәндер бойынша зертханалық жұмыстарды қашықтан оқыту мәселелері туралы тәжірибе алмасты. Вебинарда Абай атындағы ҚазҰПУ-дың химия кафедрасының доценті А.Р.Нұрахметова мен аға оқытушысы Ж.М.Жақсыбаева, оқытушысы М.А.Башенова, биология кафедрасының доценті И.П.Загриценко; ҚазҰАУ-дың қауымдастырылған профессоры Ж.Б.Бакенова мен ассистенті Л.К.Ысқақ, «Астана» халықаралық университеті (AIU) Жаратылыстану Ғылымдары Жоғары мектебінің доценті Н.Ш.Карипбаева, ТМПУ-дың қауымдастырылған профессоры Г.З.Шаймерденова баяндама жасап, тәжірибелерімен алмасты.
Авторы: Эльвира Серікқызы 27.04.2020 ж. Ақпарат көзі: egemen.kz |