|
| |
«Ұлағат» редакциялық баспа бөлімі (бұдан әрі РББ) ЖОО-ң кәсіби деңгейде редакциялық баспа қызметтерін орындайтын Абай атындағы ҚазҰПУ-дың құрлымдық бөлімшесі болып табылады. Редакция негізгі басым бағыттары мынадай; РББ - шығарылымдарды жоспарлайды және баспаға дайындайды: а) ғылыми еңбектер жинағын, конференция материялдарын, дәрістер мәтіндерін, оқу құралдарын, әдістемелік әдебиеттерді, жұмыс жоспарларын қазақ және орыс тілдеріндегі бағдарламаларды; б) «Хабаршы-Весник » периодтты ғылыми журналын; в) Ішківедомствалық және мекеме аралық қызметтік материалдарды. «Тапсырыс шарттарындағы баспа өнімдерін шығару туралы ережемен» қарастырылған шығарылым түрлерін баспаханалар арқылы, тапсырыс шарттарында шығарылымға дайындау. Ведомстволық әдебиеттердің (мақұлданған рецензиялары бар, дайын қолжазбалар бойынша) шығарылым жоспарларының жобаларын, ішківедомстоалық және мекеме аралық материалдарының жоспарларын қалыптастырады және оларды ЖОО басқармасына бекітуге ұсынады. Факультеттердегі баспа ісі қызметтеріне жауапты «Хабаршы-Весник» журналының баспа мүшелерімен біріге отырып, әдеби шығарылымдардың бекітілген жоспарларын дер кезінде орындалу шараларын жүзеге асырады. қолжазбаларға қорытынды пікір беру және оларды шығару туралы шешім қабылдау үшін, ЖОО басқармасына ұсыну үшін қажетті жағдайларды жүзеге асыра алады. Редакциялық-баспа үрдістеріндегі нормативтік құжаттарға сәйкес шығарылымдарды рәсімдейді. қазақ, орыс және басқа тілдерге басылымдар шығаруды жоспарлауға мүмкіндік беретін шараларды жүзеге асырады; Басылымға жұмсалған шығындардың барлық түрлерін есепке ала отырып, тираждың ортақ құнынан шығару, ғылыми, оқулықтардың, әдістемелік басылымдардың номиналды құнын анықтайды. Баспа өнімінің дайын тираждарын іске асыру бойынша жұмыстар ұйымдастырылады. Қағаз және басқа материалдарды үнемдеудің, өте тиімді әдістерін қолданылады. Баспа өнімінің шығарылымы туралы есепті ЖОО басқармасы қойған форма бойынша ұсыну ұлттық мемлекеттік кітап палатасына ұсынады. Келісім негізінде тапсырма берушілерге ақылы қызметтер көрсетіледі.
|