Негізгі бет
Жаңалықтар
30.04.2020 Инклюзивті білім беру виртуалды зертханасының вебинары
2020 жылғы 29 сәуірде Абай атындағы КазҰПУ жанындағы ҚР жоғары оқу орындарында инклюзивті білім берудің ресурстық кеңес беру орталығында Инклюзивті білім беру виртуалды зертханасының кеңес беру-әдістемелік қызметін ұйымдастырды және бастады. Виртуалды зертхананың негізгі міндеті - білім беру үрдісіне ерекше білімді қажет ететін адамдарды қосу бойынша алдыңғы қатарлы теориялық және практикалық тәжірибені ұсыну және тарату.
Виртуалды зертхана аясында «Қазақстандағы инклюзивті білім беру: даму эволюциясы мен болашағы» тақырыбында алғашқы вебинар өткізілді, негізгі спикері ЖШС «ӘБЕО» орталығының бас директоры Роза Сүлейменова болды.
Вебинарға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова, ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин, ЖОО оқытушылары, облыстық және аудандық білім бөлімдерінің өкілдері, мектепке дейінгі, мектеп, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының әкімшілігі мен мұғалімдері қатысты.
Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин вебинарға қатысушыларды жалпы білім беру үрдісінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қосудың Сингапур тәжірибесімен қысқаша таныстырды және барлық мүдделі тұлғаларды сындарлы жұмысқа шақырды.
Вице-министр Бибігүл Асылова Қазақстандағы арнайы және инклюзивті білімнің жай-күйіне егжей-тегжейлі талдау жүргізді, инклюзивті білім беру саласындағы мәселелерге толық шолу жасады және осы жүйенің елдегі дамуының стратегиялық бағыттарын атады.
Түзету педагогикасы бойынша Республикамыздағы алғашқы доктор, «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының бастамашысы және жетекшісі, олигофренопедагогика кафедрасының алғашқы меңгерушісі спикер Роза Сүлейменованың баяндамасы барлық қатысушылар арасында үлкен қызығушылық тудырды және толық талқылауға бастау болды.
Инклюзивті білім беру виртуалды зертханасының келесі вебинарлары 2020 жылдың 4-6 мамыры күндері өткізілмек.
2020 жылғы 4 мамырда «ЖОО-да ерекше білім қажеттіліктері бар студенттермен оқу үрдісін ұйымдастыру» тақырында вебинар өткізу жоспарланып отыр. Спикері: ҚР жоғары оқу орындарында инклюзивті білім берудің Ресурстық кеңес беру орталығының директоры, Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры Зульфия Мовкебаева.
2020 жылғы 6 мамырда, сағат 15.00 - «Жалпы білім беру кеңістігіне ерекше білім қажеттілікттері бар балаларды енгізу шарттары» вебинары өтеді. Спикер: «Түзету педагогикасының ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» ММ директоры, доцент Ғалия Абаева.
|