Негізгі бет
Жаңалықтар
05.05.2020
«ЖОО-да ерекше білім қажеттіліктері бар студенттермен оқу үрдісін ұйымдастыру» вебинары
2020 жылдың 4 мамырында Инклюзивті білім беру виртуалды зертханасының «ЖОО-да ерекше білім қажеттіліктері бар студенттермен оқу үрдісін ұйымдастыру» вебинары өтті. Бұл вебинардың спикері - ҚР жоғары оқу орындарында инклюзивті білім берудің Ресурстық кеңес беру орталығының директоры, Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры, инклюзивті және арнайы білім беру саласындағы оқытушылар мен мамандарды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру мәселелері бойынша ТМД базалық ұйымы қоғамдық кеңесінің мүшесі Зульфия Мовкебаева болды.
З.А. Мовкебаеваның баяндамасы барлық қатысушылардың үлкен қызығушылығын тудырды және баяндама аяқталғаннан кейін ерекше білім қажеттіліктері бар студенттермен оқу үдерісін ұйымдастыру туралы сұрақтар қойылды.
Вебинарға «Өрлеу» БАҰО АҚ, ЖШС «ӘБЕО» орталығының, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқытушылары, Е. Букетов атындағы ҚарМУ (Қарағанды қ.), ПМПУ (Павлодар қ.), М. Қозыбаев атындағы СҚМУ (Петропавл қ.), І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Еуразия гуманитарлық институты, Алматыдағы Каспий университеті және т.б. жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы қатысты.
Вебинар 2020 жылғы 29 сәуірде Абай атындағы КазҰПУ жанындағы ҚР жоғары оқу орындарында инклюзивті білім берудің ресурстық кеңес беру орталығында Инклюзивті білім беру виртуалды зертханасының кеңес беру-әдістемелік қызметі аясында ұйымдастырылды.
Виртуалды зертхананың негізгі міндеті - білім беру үрдісіне ерекше білімді қажет ететін адамдарды қосу бойынша алдыңғы қатарлы теориялық және практикалық тәжірибені ұсыну және тарату.
Инклюзивті білім берудің виртуалды зертханасының келесі вебинары 2020 жылғы 6 мамырда сағат 15.00-де өтеді. Вебинар тақырыбы - «Жалпы білім беру кеңістігіне ерекше білім қажеттілікттері бар балаларды енгізу шарттары». Спикер - «Түзету педагогикасының ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» ММ директоры Ғалия Абаева.
|