Бақылау және бағалау бөлімі Негізгі міндеттері
Бағалау және бақылау бөлімі әдістеме жасау, тест құрастыру және студентер білімін бақылауды ұйымдастыруға байланысты процестерді жүзеге асырады. Бағалау және бақылау бөлімінің басты міндеттері мынадай: • тест тапсырмаларын дайындауға қатысты мәселелерді шешу және қамтамасыз ету; • тест өткізуді және оны ұйымдастырудың бақылануын қамтамасыз ету; • компьютерлік тестілеудің әр түрін дайындауды жүзеге асыру; • университеттік білімнің, әр түрлі пәндер мен курстар бойынша тест тапсырмаларының банктерін қамтамасыз ету; • кафедралармен, университеттің басқа да құрылымдық бөлімшелерімен, басқа да ЖОО-мен, тест тапсырмаларын дайындау мен өткізу саласындағы ғылыми-зерттеу институттармен әріптестікті жүзеге асыру; • оқытудың кредиттік жүйесін ендіру; • оқытудың кредиттік жүйесі бойынша құжаттар жүргізу.
Қызметтері
Бағалау және бақылау бөлімінің негізгі қызметтері: • емтихандық сессия пәндерінің тізімін айқындау; • тесттік емтиханды өткізу кестелерін оқу басқармасымен келісім бойынша құру; • емтихандық сессияны ұйымдастыру және өткізу • аттестацияны ұйымдастыру және өткізу; • мемлекеттік аралық бақылауды ұйымдастыру және өткізу.
|