қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
06.05.2020

«Ардагерлерімізді ардақтайық» қалалық қайырымдылық акциясы


2020 жылы 6 сәуірде Ұлы Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында «Біздің Жеңіс!» акциясы аясында Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Такир Балықбаевтың бастамасымен «Ардагерлерімізді ардақтайық» қалалық қайырымдылық акциясы өтті.


Шара Кеңес Одағының батыры, 1951-1963 жылдар аралығында Абай атындағы Мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры қызметін атқарған академик Мәлік Ғабдуллиннің мемориалдық тақтайшасына гүл шоғын қою рәсімінен басталды.


Іс-шара барысында ректор университет қабырғасында ұзақ жылдар бойы қызмет катқарған, Ұлы Отан Соғысының, еңбек майданы және тыл ардагерлеріне, ауған соғысының ардагерлері және қауіптілігі жоғары аймақта қызмет атқарған сарбазға арнайы құттықтауын жолдап, барлығы 38 ардагерге университет тарапынан 2 670 000 теңге көлемінде ақшалай көмек көрсетілетіндігін және арнайы азық-түлік себеттер табысталатындығын тілге тиек етті.


Өз кезегінде, Ардагерлер кеңесінің төрағасы Жұмаділ Шілдебаев университет басшылығы тарапынан ардагерлерге көрсетіліп жатқан құрмет-қамқорлығы үшін алғысын жеткізді.


Университет ректоры Такир Балықбаев шараға атсалысқан Ардагерлер кеңесіне, Тәрбие департаментіне, Қызметкерлер кәсіподағы ұйымына, «Ізгілік елшісі» еріктілері мен Жастар ісі жөніндегі комитетке өз ризашылығын білдірді. Қайырымдылық шара екі күні бойы жүргізіледі. Шара барысында еріктілер мен белсенділер тобы университет ардагерлерін тұрғылықты мекен-жайлары бойынша құттықтап, арнайы әзірленген сый-сияпаттарды табыстайтын болады.

Шараның екінші күні Медеу ауданы бойынша университетімізге арнайы бекітілген 5 ардагерге азық-түлік себеттерін жеткізілетін болады.


Ұлы Жеңістің 75 жылдығы аясында ұйымдастырылған ауқымды шара, жастардың бойында үлкенге құрмет көрсетуге, мейірімділік пен ізгілік қасиеттерін қалыптастыруға септігін тигізері анық.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар
саясаты жөніндегі департамент