қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
06.05.2020

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйесін енгізу

 

 

Университетте ISO 37001-2016 халықаралық стандартының талаптарына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету менеджменті жүйесін (бұдан әрі - СМЖ) енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

 

СМЖ құжаттарының саны мен құрамы, олардың қолданыстағы жүйеге бірігуі анықталып, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясаты» әзірленіп бекітілді.

Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескере отырып, ISO 37001 талаптарын қолданысқа енгізу үшін құжаттар әзірленді:

 

1) Мүдделер қақтығысын шешу саясаты;

2) Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін бағалау;

3) Сыйлықтар мен өкілдік шығыстар.

 

Әзірленген құжаттар мен талаптар негізінде келесі құжаттар редакцияланды және қайта енгізілді:

1) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл стандарты;

2) Мүдделер қақтығысы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатын сақтау туралы Декларациясы;

3) Сыйлықты алғаны туралы хабарламасы;

4) Университет қызметкерінің еңбек шартына Қосымша келісімі;

5) Университет қызметкерінің лауазымдық Нұсқаулығы;

6) Білім беру қызметтерін көрсету шартына Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ескертпесі;

7) Сыртқы ұйымдармен және іскер әріптестермен өзара қарым-қатынастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ескертпесі редакцияланды және жаңадан енгізілді.

 

Әзірленген әдістемеге сәйкес университеттің 44 бөлімшелерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін бағалау бойынша тиісті жұмыстар жүргізілді. Тәуекелдер маңыздылығы бойынша цифрланған және талдауға алынған, олар бойынша сараптама берілген. Университеттің маңызды сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін бағалау, барынша азайту және сапалы басқару мәселелері бойынша қажетті іс-шаралар жүргізіліп, жауапты тұлғалар анықталды.

 

Аталмыш құжаттар негізінде университеттің барлық қызметкерлері «Мүдделер қақтығысы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты сақтау туралы Декларацияға», «Еңбек шартына Қосымша келісімге» және «Лауазымдық нұсқаулықтарға» (жаңа редакцияда дайындалған) (ал барлық білім алушылар білім беру қызметін көрсету шартына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ескертпеге) қол қойды. Осы қол қойылған құжаттарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін алдын алу мақсатында барлық қызметкерлердің және жұмыс берушінің жауапкершілігі, міндеттері мен құқықтары айқындалды.

 

Осы құжаттардың, рәсімдердің бекітілулеріне байланысты Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне уәкілетті органымен сертификаттар берілуге тиіс болған. Қазіргі уақытта төтенше жағдайдың (карантиннің) жариялануына байланысты халықаралық сертификаттаудың жоспарланған рәсімі кейінге қалдырылды.