қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
05.03.2016

 Ұстаздарға арналған концерт


2016 жылдың 4 наурызында орыс тілі мен әдебиеті кафедрасында Халықаралық әйелдер күніне арналған концерт өтті.

Бұл концерт 1,2 және 3 курс студенттерінің сүйікті ұстаздарына арнаған сыйы болды. Жүргізушілер Бақыт Қадыр мен Нұрқанат Тоқаевтың әртістік шеберлігінің арқасында концертте алғашқы минуттан бастап мерекелік көңіл-күй орнады. Студенттер жаңа қырынан танылып, ұстаздарын таң қалдырды. Домбыра, сыбызғы, чопо-чооре сынды музыкалық аспаптарда ойнап, қазақ, орыс биін билеп, ән айтып, өлең оқыды. Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының жетекшісі С.Ж.Абишева ұйымдастырушы студенттерге алғыс сөзін білдіріп, қыздар қауымына құттықтау айтты. Мерекелік шара студенттер мен ұстаздар қоса шырқаған «Бұл кезең көктем деп аталады!» әнімен аяқталды.