қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
11.05.2020

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған акция

 

Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында «Нұр Отан» партиясы Жетісу аудандық филиалы Саяси кеңесінің мүшесі, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, «Барбанг» Қазақстан күрдтері қауымдастығының вице-президенті, Тарих және құқық институтының саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының PhD докторанты Вакиль Набиев Ұлы Отан соғысының ардагерлерін құттықтады.


Акция аясында Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен тыл еңбеккерлеріне 20 азық-түлік себеті жасалып, оларға табыс етілді.


«Біз Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, тыл еңбеккерлеріне жеңіске жеткендері үшін және бізге бейбіт және жарқын болашақ сыйлаған аға ұрпақтың барлығына шынайы ризашылығымызды білдіреміз», - дейді ҚазҰПУ докторанты Вакиль Набиев. Сонымен қатар ол қайырымдылық акциясының жалғасатынын айтты.

 

   

 

   

 

   

 

Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлім