Негізгі бет /
БАҚ біз туралы
11.05.2020 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстары жалғасуда
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты мониторинг жүргізіледі. Әрбір аралық бақылаудан, сессиядан кейін білім алушылар арасында анонимді сауалнама жүргізіледі. Сауалнама нәтижелері негізінде университет басшылығы анықталған кемшіліктерді түзету бойынша басқарушылық шешімдер қабылдайды, - деп хабарлайды осы жоғары оқу орнының баспасөз қызметі.
Білім беру сапасын жақсарту және жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру мақсатында барлық білім беру құрылымдары деңгейінде, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Кеңес мүшелерінің қатысуымен дәстүрлі түрде «Жеке форматта» 567 педагогикалық қызметкерлердің және 772 білім алушылардың қатысуымен 14 кездесу өткізілді. Кездесулер барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі университет Кеңесінің және «Парасат» орталығының осы бағытта атқарылған іс-шаралар жөніндегі ақпараты, емтихан сессиясы кезіндегі тәртіп ережелерін, Академиялық адалдық Кодексінің ережелерін сақтау және университет деңгейінде сыбайлас жемқорлық фактілеріне жол бермеу жөніндегі атқарылған кешенді жұмыстардың нәтижелері баяндалды.
2019-2020 оқу жылында университетте Жастар ісі жөніндегі комитет пен Студенттік ректораттың қатысуымен төрт Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауалнама жүргізілді, оның ішінде Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің тапсырмасы бойынша «Талап» қолданбалы зерттеулер орталығы жоғары оқу орындарының студенттері арасында өткізген (сыбайлас жемқорлық құрауыштарының болуы тұрғысынан карантин жағдайында жақында өткізілген онлайн-сауалнама да бар), оған 948 студент қатысты. Белсенді студенттер арасынан құрылған сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділікті қалыптастыру және оның алдын алу жөніндегі мониторингтік топ мүшелері қысқы емтиханды тапсыру және қабылдау барысында «Жемқорлықсыз сессия» акциясын, сонымен қатар, әлеуметтік сауалнамалар жүргізілді.
Барлық курстар бойынша сауалнама сұрақтарына 2893 студент жауап берді. Қысқы сессия қорытындысы бойынша әдептілік талаптарын сақтамағандары үшін бір студент (емтиханда ұялы телефонын пайдаланғаны үшін оқудан шығарылды, 61 студентке қатаң сөгіс жарияланды (шпаргалка қолданғандары үшін). Сонымен қатар, уәкілетті мемлекеттік органдардың тапсыруымен әлеуметтік желіде университеттің қызметіне қатысты ақпаратпен бөлісу, жеке және заңды тұлғалармен кері байланысты қалыптастыру үшін әдеп және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілдің жеке ресми парақшасы ашылып, жеке байланыс деректері жарияланды.
11.05.2020 ж. Ақпарат көзі: bilimdinews.kz
|