қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
12.05.2020

«Жеңіс. Бәріміз үшін біреу!» кураторлық сағат өтті

 

2020 жылы 8 мамырда оқытушы А.К. Шорманова «Дінтану-тарих» мамандандығы 2 курс 205 тобының студенттерімен және Тарих және құқық институтының белсенділерімен бірге Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған «Жеңіс. Бәріміз үшін Біреу!» кураторлық вебинар сағатын өткізді.

 

Вебинардың мақсаты - баршамызға, әсіресе қазіргі жастарға Кеңес халқының ұлы ерліктерін еске алуды және оларды біздің жүрегімізде мәңгілікке сақтау біздің міндетіміздің бірі екенін тағы да бір рет еске салу болды.


Вебинар барысында соғыс жылдарындағы әндер шырқалды, студенттер майдангерлердің және немерелерінің ардагерлерге жолдаған хаттарын оқыды. Осы шараның онлайн форматында өтуіне қарамастан, қатысушылар Ұлы Отан соғысының қайғылы оқиғаларына қатысты жалпы атмосфераны құра алды.

 

   

 

   

 

   

 

Тарих және құқық институты