қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
12.05.2020

Қашықтан оқыту жағдайында оқытушылар мен білім алушыларды психологиялық қолдау


2020 жылдың 5 мамырында Педагогика және психология институты мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы ZOOM платформасында «Қашықтан оқыту жағдайында ЖОО оқытушылары мен білім алушыларды психологиялық қолдау» вебинарын өткізді.


Вебинар мақсаты - жоғары оқу орындарының оқытушылары мен білім алушыларына психологиялық қолдау көрсету, қашықтан оқытудың өзекті мәселелеріне талдау жасау.


Вебинарға Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Хайрулла Жанбеков, Педагогика және психология институтының директоры Берікжан Әлмұхамбетов, Қазақ психология қоғамының президенті Мұқан Перленбетов, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің профессоры Мариям Бапаева, Педагогика және психология институты директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Ақтоты Ақжолова, кафедра меңгерушісі Ұлбосын Қыяқбаева, профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер, магистранттар және докторанттар қатысты.

Вебинар модераторлары Ұлбосын Қыяқбаева мен қауымдастырылған профессор міндетін атқарушы Әсем Булшекбаева болды.


Вебинар спикерлері Мұқан Перленбетов пен Мәриям Бапаева қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру тәжірибесімен бөлісті, сондай-ақ ПОҚ және білім алушылар арасында жаңа форматқа өту кезінде пайда болған психологиялық мәселелерді талқылады, оқу үдерісі барысында мазасыздану мен дағдарыс, шарасыздықты қалай жеңуге болатыны туралы маман ретінде психологиялық тұрғыда өз кеңестерін берді.


Вебинарға білім алушылар белсенді қатысып, өздерін мазалаған сұрақтарын қойып, пікір-талас ұйымдастырды. Профессор-оқытушылар құрамы өз тәжірибелерінде болған қашықтан оқытудың тиімді тұстары мен қиындықтары туралы да ойларын ортаға салды.

 

   

 

   

 

   

 

Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы