қазақша · русский · english
   

 

М агистратура және РhD докторантура институтының құрамына кіретін психологиялық-педагогикалық мамандықтар кафедрасының шағын бола тұра қызықты тарихы бар. Өз қызметін 2009-10 оқу жылынан бастаған кафедра аз уақыт ішінде еліміздің жоғарыдан кейінгі білім беретін және ғылыми кадрларды даярлайтын жетекші оқу мекемесіне айналды. Кафедрада жетекші ғалымдар мен тәжірибелі ұстаздар қызмет жасайды. Олардың ішінде «Психология», «Психология және педагогика», «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие», «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі», «Дефектология», «Дене тәрбиесі мен спорт» мамандықтары бойынша жаңа үлгідегі маман кадрлардың қалыптасуын қамтамасыз ететін 12 ғылым докторы және 12 ғылым кандидаттары бар. Мұнымен қатар оқу процесіне университеттің басқа кафедраларынан ғылым докторлары шақырылып тұрады. Өз қызметінің алғашқы күндерінен бастап кафедраның профессор-оқытушы құрамы заманауи инновациялық технологиялар мен оқытудың прогрессивті әдістерін оқу процесіне ендіру бағытын таңдады. Университет басшылары кафедраны жаңа оқу жарақтарымен қамтамасыздандыруда көп қолқабыс жасауда. Кафедра оқытушылары, докторанттары мен магистранттары Интернетке жалғанған компьютерлерді, мультимедиялық проекторларды, флипчарттар және интерактивті тақталарды кеңінен пайдаланады.  
Кафедра оқытушылары кәсіби және жоғарыдан кейінгі білім беруді нормативтік-құқықтық, ғылыми-теориялық, оқу-әдістемелік қамтамасыздандыру ісіне белсенді түрде қатынасады. Кафедра педагогтары магистратураның 7 мамандықтары, ал докторантураның 5 мамандықтары бойынша мемлекеттік стандарттардың, типтік бағдарламалардың авторлары болып табылады. Кафедра оқытушыларының ғылыми-зерттеу қызметі «Магистранттарды даярлауда акмеологиялық үрдісті жүзеге асырудың психологиялық-педагогикалық шарттары» мәселесінің ауқымында жүзеге асырылады. Кафедра педагогтары студенттер мен магистранттарға арналған оқулықтар, оқу құралдары мен әдістемелік нұсқаулардың авторлары болып табылады. Кафедрада 2 іргелі жоба іске асырылуда: «Оқытудың кредиттік технологиясы жағдайында арнайы педагогтар даярлауды модернизациялаудың ғылыми-педагогикалық негіздері» (п.ғ.д., проф. Тұрғынбаева Б.А., проф. Коржова Г.М., п.ғ.д. Мовкебаева З.А.) және «Қазақстан халқы этнопедагогикасының теориясы мен әдістемесі қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайда ұлтаралық келісім мен тұрақтылықты нығайтудың негізі ретінде» (п.ғ.д., проф. Бейсенбаева А.А., п.ғ.д. Абсатова М.А.), бұған қоса кафедрада қолданбалы жобалар да жүзеге асырылады.Жобаларды жүзеге асыру жұмысына магистранттар да жұмылдырылады, мәселен үстіміздегі оқу жылы олар «Мүмкіндіктері шектеулі балалардың ата-аналарын түзету процесіне енгізудің ғылыми-теоретикалық негіздері» (жетекшісі проф. Коржова Г.М.) тақырыбындағы жобасы бойынша жұмыс жасауда.Кафедра алыс және жақын шет елдердің (Германия, Болгария, Түркия, Ресей, Белоруссия, Украина және т.б.) ғалымдарымен тығыз байланыс орнатқан. Халықаралық байланыс келесі бағыттар бойынша іске асырылады: ғылыми стажировкалар, ғылыми өніммен алмасу, халықаралық конференциялар мен семинарларға қатынасу, т.б. Биылғы жылы проф. Тұрғынбаева Б.А., проф. Бейсенбаева А.А., п.ғ.д. Абсатова М.А., пс.ғ. д. Ерментаева А.Р., п.ғ.к., доцент Абдрахманова Р.Б. Германияда ғылыми стажировкада болып келді. 
Кафедра оқытушылары кәсіби және жоғарыдан кейінгі білім беруді нормативтік-құқықтық, ғылыми-теориялық, оқу-әдістемелік қамтамасыздандыру ісіне белсенді түрде қатынасады. Кафедра педагогтары магистратураның 7 мамандықтары, ал докторантураның 5 мамандықтары бойынша мемлекеттік стандарттардың, типтік бағдарламалардың авторлары болып табылады. Кафедра оқытушыларының ғылыми-зерттеу қызметі «Магистранттарды даярлауда акмеологиялық үрдісті жүзеге асырудың психологиялық-педагогикалық шарттары» мәселесінің ауқымында жүзеге асырылады. Кафедра педагогтары студенттер мен магистранттарға арналған оқулықтар, оқу құралдары мен әдістемелік нұсқаулардың авторлары болып табылады. Кафедрада 2 іргелі жоба іске асырылуда: «Оқытудың кредиттік технологиясы жағдайында арнайы педагогтар даярлауды модернизациялаудың ғылыми-педагогикалық негіздері» (п.ғ.д., проф. Тұрғынбаева Б.А., проф. Коржова Г.М., п.ғ.д. Мовкебаева З.А.) және «Қазақстан халқы этнопедагогикасының теориясы мен әдістемесі қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайда ұлтаралық келісім мен тұрақтылықты нығайтудың негізі ретінде» (п.ғ.д., проф. Бейсенбаева А.А., п.ғ.д. Абсатова М.А.), бұған қоса кафедрада қолданбалы жобалар да жүзеге асырылады.Жобаларды жүзеге асыру жұмысына магистранттар да жұмылдырылады, мәселен үстіміздегі оқу жылы олар «Мүмкіндіктері шектеулі балалардың ата-аналарын түзету процесіне енгізудің ғылыми-теоретикалық негіздері» (жетекшісі проф. Коржова Г.М.) тақырыбындағы жобасы бойынша жұмыс жасауда. Кафедра алыс және жақын шет елдердің (Германия, Болгария, Түркия, Ресей, Белоруссия, Украина және т.б.) ғалымдарымен тығыз байланыс орнатқан. Халықаралық байланыс келесі бағыттар бойынша іске асырылады: ғылыми стажировкалар, ғылыми өніммен алмасу, халықаралық конференциялар мен семинарларға қатынасу, т.б. Биылғы жылы проф. Тұрғынбаева Б.А., проф. Бейсенбаева А.А., п.ғ.д. Абсатова М.А., пс.ғ. д. Ерментаева А.Р., п.ғ.к., доцент Абдрахманова Р.Б. Германияда ғылыми стажировкада болып келді.