қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
12.05.2020

«Ардагерлерге құрмет!» қайырымдылық акциясы

 

Жеңіс күні қарсаңында 2020 жылы 7-11 мамыр аралығында Университеттің Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департаментінің қолдауымен Педагогика және психология институты мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы «Ардагерге құрмет!» қайырымдылық акциясын өткізді.


«Біздің Жеңіс!» жобасы аясында Университеттің педагогикалық ұжымын біріктірген дәстүрлі акцияны Алматы қаласының «Ұлы Отан соғысы ардагерлері, тыл еңбеккерлері және соғыс балалары кеңесі» қоғамдық қоры мен «Мейірім» клубының жетекшісі Гүлбахира Ширинбаеваның ұйымдастыруымен өтті.

 

Қайырымдылық шараға Педагогика және психология институты мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының меңгерушісі Ұлболсын Киякбаева, педагог-ұйымдастырушы және бастапқы әскери дайындық кафедрасының аға оқытушы Әділбек Байғалиев, Жаратылыстану және география институты директорының ғылыми істер және халықаралық қатынастар жөніндегі орынбасары Қалампыр Жұмағұлова, «Мейірім» клубының ерікті-студенттері қатысты.

 

Акция барысында еріктілер «Ұлы Отан соғысы ардагерлері, тыл еңбеккерлері және соғыс балалары кеңесі» қоғамдық қоры атынан азық-түлік себеттерін таратты, Алматы қаласы бойынша әр ауданда орналасқан 25 үйге барып, ардагерлерді құттықтап, жылы тілектерін айтты.


Өз кезегінде ардагерлер еріктілерге көңіл бөлгені үшін ризашылықтарын білдіріп, соғыс және соғыстан кейінгі жылдар туралы естеліктерімен бөлісті, олардың жеке өміріндегі оқиғаларға ғана емес, сонымен бірге адамзат тарихындағы ең қанды соғыста жеңіске жеткен барлық адамдарға да тоқталды.

Өз кезегінде ардагерлер еріктілерге көңіл бөлгені үшін ризашылықтарын білдіріп, соғыс және соғыстан кейінгі жылдар туралы, жеке өміріндегі оқиғалармен қатар адамзат тарихындағы ең қанды соғыста жеңіске жеткен халықтар туралы да естеліктерімен қуана бөлісті.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

«Мейірім» еріктілер клубы