Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасы
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің магистратура және PhD докторантура Институты құрылған 2009 жылы қыркүйек айынан бастап «Саясаттану және әлеуметтік-экономикалық пәндер» кафедрасы негізделді. Ал, 2011 ж. қыркүйекте кафедрадағы «Құқықтану» және «Экономика» мамандықтары жеке кафедра болып бөлініп, «Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер» кафедрасы болып қалыптасты. Құрылған күнінен бастап кафедраға белгілі ғалым, философия ғылымдарының докторы, профессор Раушанбек Борамбайұлы Әбсаттаров жетекшілік етеді. Қазіргі кезде кафедраның магистранттары мен докторанттары саясаттану, әлеуметтану және философия мамандықтары бойынша PhD докторантурада, ал саясаттану, әлеуметтану, философия, халықаралық қатынастар және мәдениеттану мамандықтары бойынша магистратурада өздерінің магистрлік және докторлық тақырыптары бойынша нәтижелі ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысуда. Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмысының нақты нәтижесі оқытушылардың, докторанттар мен магистранттардың әртүрлі саладағы іс-әрекеттерінде көрініс табады. Жарияланған ғылыми еңбектер ғылыми-теориялық, сонымен қатар, қолданбалы мәнге ие. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесі оқу үдерісінде үнемі қолданылады. Профессор Р.Б. Әбсаттаровтың редакциялық басқаруымен «Саясаттану және әлеуметтік ғылымдар» сериясы бойынша Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы жариялануда. Бұл журналда қазақстандық авторлардың да, сонымен қатар шетелдік ғалымдардың ғылыми жұмыстары жарық көреді. Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының докторанттары мен магистранттарының ғылыми семинарының материалдары магистратура және Phd докторантура Институтының Еңбектерінде, ғылыми журналдарда және халықаралық ғылыми-теориялық конференцияларда жарық көруде. Кафедрада Франциядағы Француз Мемлекеттік Лион-2 университетінің «саясаттану және әлеуметтану» кафедрасымен қарым-қатынас орнатылған. Сонымен қатар, Халықтар Достығы университетімен (Ресей Федерациясы), Лондон университетімен (Ұлыбритания), Стамбул Университетімен (Түркия Республикасы), Корея университетімен (Сеул қ.), Киев және Белорусь университеттерімен бірлескен ғылыми жұмыстар жүргізілуде. Ғылыми ынтымақтастық туралы Тулуза университетімен (Франция), Этвеша Лоранд атындағы Будапешт университетімен, Печ университетімен (Венгрия), Гранада университетімен (Испания) келісімдер жасалған. Кафедра оқытудың жаңашыл әдістері мен принциптерін, заманауи ақпараттық технологияларды енгізуде, шетелдік ғалымдарды дәріс оқуға тартады. 2010 ж. 2-9 маусым аралығында Француз Мемлекеттік Лион-2 университетінің профессоры Лоранс Тэн сыныптық шеберлік ретінде дәрістер өткізіп, өз еліндегі ғылыми жаңалықтармен ой бөлісті. 2010 ж. 24-27 қараша аралығында Түркия Республикасындағы Стамбул университетінің профессоры, Юнус Эмре атындағы институттың директорының орынбасары Аднан Текшен сыныптық шеберлік ретінде дәрістер өткізіп, Түркия Республикасындағы ғылыми ізденістердің ерешеліктерін атап көрсетті. 2010 ж. 24-27 қараша аралығында Абай атындағы ҚазҰПУ магистратура және PhD докторантура Институтына Халықтар достығы Университетіндегі (Ресей Федерациясы) «Ресей тарихы» кафедрасының меңгерушісі, тарих ғ.д., профессор В.М. Козьменко мен «Саяси ғылымдар» кафедрасының меңгерушісі, тарих ғ.д., профессор Е.Д. Слизовский келіп, дәрістер оқып, ғылыми зерттеулер жүргізудегі өз тәжірибелерімен бөлісті. 2011 ж. 03-07 наурыз аралығында Ұлыбританияның Лондон университетінің профессоры Бавна Дейв докторанттармен сыныптық шеберлік ретінде дәрістер өткізді. Онда ғалым дамыған батыс мемлекеттерінің ғылыми жаңалықтарымен ой бөлісті. 2011 жылдың 17 наурызында Германияның Фрайбург өңіріндегі Хайдельбург педагогикалық университетінің проректоры, зерттеуші Ганс Вернер Кюнекер «Германияның білім жүйесі» деген тақырыпта шеберлік дәрісі өткізілді. Онда ғалым Германиядағы білім жүйесінің тарихын, құрылымы мен ғылыми ерекшеліктерін атап көрсетті. 2011 жылдың 15-22 қыркүйек аралығында Венгрияның Печ университетінің PhD докторы Агнес Тука магистранттармен және докторанттармен сыныптық шеберлік түрінде дәрістер өткізді. Сондай-ақ, кафедрада Абай атындағы ҚазҰПУ-нің «теориялық-қолданбалы саясаттану және әлеуметтану» кафедрасымен, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің «Саясаттану» кафедрасымен өзара бірлескен тәжірибе алмасу жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ, кафедра ұжымы Қорқыт-ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетіне, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіне, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетіне, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік педагогикалық университетіне, М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетіне, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетіне, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетіне ғылыми мамандар даярлауға өз көмегін тигізуде. Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмысы нәтижелерінің сыннан өтуі келесі салалардан көрініс табады: 2010 ж. қыркүйекте «Саясаттану және әлеуметтік-экономикалық пәндер» кафедрасында «ҚР-дағы қаржылық институттардың дамуы: проблемалары мен болашағы» атты тақырыпта дөңгелек үстел болып өтті. 2010 ж. қазанда «Саясаттану және әлеуметтік-экономикалық пәндер» кафедрасында «Заң пәндерін кредиттік технология бойынша оқытудың әдістемелік ерекшеліктері» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді. 2010 ж. 26-27 қараша аралығында Абай атындағы ҚазҰПУ-де ф.ғ.д., профессор Р.Б.Әбсаттаровтың 70-жылдық мерейтойына арналған «Социально-политические науки: проблемы и суждения» атты тақырыпта халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті. Конференция материалдары жинақ ретінде (82,0 б.т.) басып шығарылды. Құрастырғандар: с.ғ.д., профессор Ә.И.Шалтықов, соц.ғ.д., профессор М.С.Садырова, с.ғ.д., профессор Т.Қ.Әуелғазина с.ғ.д., доцент Әшімова З.И. Кафедра ұжымы аталған іс-шараға белсене қатысты. 2010 ж. желтоқсанда «Саясаттану және әлеуметтік-экономикалық пәндер» кафедрасында «ҚР-ның ЕҚЫҰ-на төрағалығы мен ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Саммитінің қорытындысы» атты тақырыпта ғылыми семинар болып өтті. Модератор - с.ғ.к., доцент Л.Х.Матақбаева. 2011 ж. қаңтарда «Саясаттану және әлеуметтік-экономикалық пәндер» кафедрасында «Қазақстандағы инновациялық тұлғаны қалыптастыру бағыттары» атты тақырыпта дөңгелек үстел болып өтті. Модератор - соц.ғ.д., профессор М.С.Садырова. 2011 жылдың 1-наурызында «Саясаттану және әлеуметтік экономикалық пәндер» кафедрасында «ҚР индустриалды-инновациялық даму жағдайындағы саясат, экономика және құқық» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті. Конференция материалдары жинақ ретінде (28,5 б.т.) басып шығарылды. Құрастырғандар: з.ғ.к., доц. Н.Б. Қалқаева, э.ғ.к., доц. А.Т. Ускеленова, с.ғ.к., доц. А.Ж. Мұқажанова. 2011 жылы 12 сәуірде «Саясаттану және әлеуметтік экономикалық пәндер» кафедрасында «ҚР модернизациялану жағдайындағы саясаттанудың, экономиканың және құқықтың өзекті мәселелері» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция болды. Конференция материалдары жинақ ретінде басылып шығарылды. Құрастырушылар: с.ғ.д., профессорлар Ә.И. Шалтықов, Т.Қ. Әуелғазина, с.ғ.к., доцент Л.Х. Матақбаева. Т.Қ. Әуелғазина жыл сайын кафедрада ғылыми-теориялық конференцияларды ұйымдастырып, жүргізуді жүзеге асырады. Кафедраның магистранттары мен докторанттарының арасында «Мемлекеттік тіл - менің тілім» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өткізілді. Аталған ұжым магистранттар мен докторанттарды оқу-әдістемелік әдебиеттерімен қамтамасыз етуге үнемі көңіл бөлуде. Кафедра оқытушылары өздері сабақ беретін курстары бойынша оқулықтар мен оқу құралдарын дайындап, жарыққа шығаруда. Кафедрада этносаясаттану, салыстырмалы саясаттану мен этноәлеуметтану, ғылым-білім әлеуметтануы, халықаралық қатынастар, дінтану, мәдениеттану және философияның өзекті және зерттелмеген мәселелері бойынша ғылыми-зерттеулер жүргізілуде. Кафедра мүшелері 15 монография, 16 оқу құралы, 2 оқулық, 1 практикум, 1 әдістемелік нұсқаулық, 2 брошюра, алыс шетелде 63 және таяу шет елде 12 мақала жарық көрді және 262 халықаралық және республикалық конференцияларда баяндама жасалды. Кафедра жалпыуниверситеттік кафедралардың ішіндегі жетекшілерінің бірі ғана емес, сонымен қатар, профессор және доценттер құрамы жағынан да, шығармашылық ғылыми-педагогикалық ізгілік ұстанымдары жөнінен де бірегей ұжым болып табылады. Кафедраның саяси-тәрбиелік жұмысы толығымен жоғары білімді, білікті мамандарды даярлау мақсатында магистранттар мен докторанттардың ғылыми көзқарасы мен танымын қалыптастыруға, азаматтық белсенділігін дамытуға бағытталған.
|