қазақша · русский · english
   
Филология мамандықтары кафедрасы

Абай атындағы Қазақ ҰПУ -Қазақстан Республикасында магистрлер дайындау ісін алғашқы болып іске асыра бастаған оқу орны. Филология мамандықтары аясында магистрлер дайындау баклаврлармен бірге профессор Л.Қ.Жаналинаның басшылығымен орыс тілі және жалпы тіл білімі кафедрасында және профессор Х.А.Әдібаевтың басшылығымен орыс және шетел әдебиеті кафедрасында 1996 жылдан іске асырылды. Магистратура бағыты «Орыс тілі және әдебиеті», «Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті» мамандықтарымен шектелді. 2003 жылы «Филология» мамандығы ашылды. Мамандыққа дайындау ісін кафедраның профессорлары мен доценттері жүзеге асырды, олар: Л.К.Жаналина, Л.Т.Килевая, Л.А.Шеляковская, С.А.Никитина, Ж.Г.Амирова, М.Ш.Мусатаева,Х.А.Әдібаев, С.Д.Әбішева, В.В.Савельева, Л.В.Сафронова. РһD докторанттарын дайындау тәжірибесі аспиранттар мен докторанттарға ғылыми жетекшілік ету, ғылыми кадрларды аттестациялау ісін апробациялау, лингвистика және әдебиет мамандықтары бойынша кандидаттық, докторлық диссертацияларды қорғайтын диссертациялық кеңес жұмыстарының нәтижесінде жинақталды.

Филология мамандықтары кафедрасының қазақ бөлімінде мамандарды даярлау ісі педагогика ғылымдарының докторы Р.А.Шаханова, филология ғылымдарының докторлары Б.Х.Хасанов, Г.С.Қосымова, А.К.Жұбанов, С.М.Мақпыров, К.С.Бұзаубағарова, Ж.К.Балтабаева, К.С.Қалыбаева; РһD докторы Б.Ш.Батырхан; педагогика ғылымдарының кандидаты, доценттер Б.Т.Қабатай; орыс бөлімінде профессорлар Л.Т.Жаналина, Л.Т.Килевая, М.Ш.Мұсатаева, А.К.Жұмабекова. В.В.Савельева, Л.В.Сафронова, педагогика ғылымдарының докторлары, профессорлар М.Р.Қондыбаева, А.А.Шыңғысова; филология ғылымдарының кандидаты, доцент Г.Г.Лұқпанова және педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент А.Е.Акбембетова басшылықтарымен жүзеге асырылуда.

Кафедра өз ішінде бірнеше секцияларға бөлінеді, олардың жетекшілері төмендегі ғалымдар болып табылады:
Қазақ тілі мен әдебиеті - профессор Қосымова Г.С.;
Орыс тілі мен әдебиеті - профессор Мұсатаева М.Ш.;
Шетелдіктер үшін орыс тілі - профессор Шыңғсова А.А.;
Аударма ісі - профессор Жұмабекова А.К.;
Екі шет тілі - РһD докторы Батырхан Б.Ш.

Университетте үнемі өткізілетін халықаралық, республикалық және жоғары оқу орындарыаралық конференциялар, дөңгелек үстелдер, мастер-кластар тіл білімінің өзекті мәселелеріне арналады; қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті теориясы мен олардың қолданбалы аспектілері Қазақстан ғалымдары шұғылданып жүрген лингвистикалық және әдебиеттану бағыттарын қамтиды, сонымен қатар оқытушылардың Ғылым және білім министрлігінің және Абай атындағы ҚазҰПУ-дің жобалық жұмыстарына қатысуы, олардың үздіксіз ғылыми жұмыспен айналысатынын айтуға болады. ҚР Білім және ғылым министрлігінің іргелі ғылыми жобаларына тікелей қатысы бар профессорлар Қосымова Г.С., Жұбанов А.К., Абай атындағы ҚазҰПУ университетінің ректоры жобасында-профессор Шаханова Р.А., Жаналина Л.К., Килевая Л.Т. , Мусатаева М.Ш., Кондыбаева М.Р., Жұмабекова А.К., доцент Калыбаева К.С., Қабатай Б.Т., Лукпанова Г.Г.

Кафеда ғалымдарының ғылыми бағыттары әлемдік филологиялық тенденцияға және қазіргі заманғы филологияның көрінісіне сәйкес келеді. Осы ғылыми бағыттар антропоцентризм, экспансионизм, экспланаторлық, фукнционалдық, когнитивтік, менталдық, интегративтік бағыттарына сәйкес келе отырып лингвистика, әдебиеттану және филологиялық зеттеулерде пәнаралық байланыс бар.

Кафедра ғалым-филологтары Жаналина Л.К., Килевая Л.Т., Мусатаева М.Ш. Қосымова Г., Жұмабекова А.К., Савельева В.В., Сафронова Л.В. еңбектеріндегі Ғылыми концепциялар авторитетті ғылыми мектептердің негізі бола отырып, тек Қазақстанда емес сонымен қатар жақын және алыс шет елдердерде мойындалды. Осы мектептердің ішінде ерекше орын алатын номинативтік когнитивтік бағыттың жетекшісі мектеп және жоғары оқу орындарына арналған оқулықтар авторы, оқу құралдарының авторы орыс тілі статусына еңбегі сіңген, сонымен қатар Қазақстандағы политілдің дамуына үлес қосқан филология ғылымдарының докторы профессор Жаналина Л.К. болып табылады.

Филология мамандықтары кафедарасының магистранттары мен докторанттарына арналған ғылыми жұмыстарының тақырыптары мен бағыттары магистранттар мен доктор Phd дайындауға сәйкес келеді. Бұл бағыттар мамандарды негізгі теориялық және методологиялық тұрғыдан дайындайды, себебі олардың нәтижелері теориялық және қолданбалы қазіргі филологиялық ойларға сәйкес келеді. Оларға жататындар компьютерлік, интегративтік, когнитивті-дискусртық, когнитивті-номинативтік , функционалды лингвистика, когнитивтік негіздегі диохрониялық лексикалық грамматика, екі тілдік лексикаграфия теориясы, мәдени концепция, жеке тұлғалық тіл теориясы, тіл номинациясы теориясы және әлемдік тілдер бейнесі, әдебиеттану философиясының негізі, сонымен қатар сабақ берудің жаңа интерактивті технологиясы-интеративтік, арнайы-тезорустық, құзырлылық- модульдық және т.б. Аталған барлық тақырыптар «постструктурализм және постмодернизм деңгейіндегі филологиялық ғылым» аясында дамып жатыр. Аталмыш бағыт болашағы үлкен болғандықтан осы теорияларды ары қарай жалғастыратын кадрлар дайындауды қажет етеді.

Магистранттар мен Phd докторлардың ғылыми жұмыстарының нәтижелері халықаралық және республика ішінде кафедра ғалым-филологтарының шет елдің және отандық әріптестерімен байланыста болуы, халықаралық, республикалық ғылыми орталықтар, халықаралық және республикалық ғылыми жобарларға қатысушылар, шет елдердегі ғылыми авторитеттік басылымдардағы публикация, жақын және алыс шет елдерде дәріс оқу, шет елдерден атақты ғалымдарды дәріс оқуға шақыру, мастер-класс өткізуге, сонымен қатар оқытушылардың шет елдерде ғылыми тәжірибеден өтуі үшін Ресей, АҚШ (Лос-Анжелестің Колифорниялық университеті ,Оңтүстік Колифорниялық университет), Польша, Испания, Чехия, Венгрия, Германия, Түркия, Индістан, Греция, Болгария, Кипрде халықарлық ғылыми конгреске, симпозиумға, конференцияларға белсенді қатысу арқылы жүзеге асады. Кафедра профессорлары Л.Т.Килевая, Л. В.Сафронова магистранттардың екі дипломдық білім алуы мен ғылыми тәжірибеден өтуін (Венгрия, Польшада) ұйымдастырды.

Кафедрада білім және ғылым саласындағы жетістігі мемлекет пен үкімет тарапынан лайықты бағаланған оқытушы-профессорлар қызмет жасайды. Атап айтқанда профессор Л.Қ.Жаналина «ҚР ғылымын дамытудағы жетістігі үшін», «Қазақстан халық ағарту үздігі», «ҚР білім саласы үздігі», «ҚР білім саласы үздігі» медальдарымен және «ЖОО жетекші ғалымы мен оқытушысы» атағымен, сондай-ақ профессор Г.Қосымова «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері», «ҚР Білім беру ісінің үздігі» және «ҚР Жоғары оқу орындарының үздігі» атақтарына ие. Кафедра профессорлары М.Ш. Мұсатаева, Л.В.Сафронова, Л.Т.Килевая, А.А. Шыңғысова «ҚР ЖОО үздік оқытушысы» атағын алды.

Білім саласындағы сабақтастық кафедра профессор-оқытушы құрамының мектеп оқулықтарының авторлары болумен жүзеге асырылуда. Профессор Шаханова Р.Ә. орыс мектептеріне арналған «Қазақ тілі» электронды оқулықтың, Қосымова Г. қазақ мектептеріне арналған «Қазақ тілі» оқулықтарының, Мақпырұлы С. «Қазақ әдебиеті» оқулығының, Қабатай Б. «Ана тілі» оқулықтарының, Жаналина Л.К., Килевая Л.Т., Қондыбаева М.Р. орыс тілінің В.В.Савелова, Л.В.Сафронова, Лукпанова Г.Г. орыс әдебиеті пәнінің авторлары.

Филологиялық кафедра мамандықтары кафедрасы іргелі теориялық және методологиялық дайындықты, құзырлы, жоғары білікті, жоғары кәсіби білімді, жалпы және филологиялық мәдениетті, қазіргі ғылыми зерттеуді меңгерген, қазіргі заман талаптарына жауап беретін білім саласын қызметін ұйымдастыруға және жүргізуге қабілетті мамандар дайындау міндетін жүзеге асырады.

Филология мамандықтары кафедрасы бойынша дайындық жүргізетін мамандықтар тізімі:

Магистратурада:

1. 6М011700 - Қазақ тілі мен әдебиеті;
2. 6М011800 - Орыс тілі мен әдебиеті;
3. 6М012100 - Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті;
4. 6М012200 - Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті;
5. 6М020500 - Филология;
6. 6М020500 - Филология (шет елдіктер үшін);
7. 6М020700 - Аударма ісі;
8. 6М011900 - Екі шет тілі;
9. 6М 021300 - Лингвистика.

Докторантурада:

1. 6D020500 - Филология;
2. 6D021300 - Лингвистика;
3. 6D021400 - Әдебиеттану