Негізгі бет /
БАҚ біз туралы
17.05.2020 Топжарған: Тоқсан жылдық тарихы бар университет үздіктер қатарынан көрінді
15 мамырда Қазақстанда сұранысқа ие жоғары оқу орындарының 2020 жылғы Ұлттық рейтингісі жарияланды. Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің зерттеу қорытындысы бойынша Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті үздік төрттікке енді. Педагогикалық жоғары оқу орындарының арасында тоқсан жылдық тарихы бар университет бірінші орынға ие болды. Жоғары оқу орындарының институционалдық рейтингісінде бакалавриаттың білім беру бағдарламаларының бағыттары бойынша қорытынды көрсеткіштермен (24345) ҚР жоғары оқу орындарының арасында бірінші орынды иеленді.
Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі жыл сайын өткізетін «ҚР жоғары оқу орындарына сұраныстың Ұлттық рейтингі-2020» - бұл еліміздің жоғары білім беру сапасын жоғарылатуға бағытталған білім беру қызметтері мен ғылыми зерттеулердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал ететін саралау мен бағалаудың тиімді құралы болып табылады.
Сараптамалық білім беру бағдарламаларының нәтижелерін сала бойынша бағалау рейтингісіндегі жетістік білім беру бағдарламаларының санына емес, сапасына және әртүрлілігіне, университет профилінің сәйкестігіне байланысты екенін көрсетеді.
Рейтингке қатысу білім беру жүйесін трансформациялау жағдайында жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін, табыстылығын арттырудың, ел дамуының маңызды салаларында сұранысқа ие мамандарды даярлау сапасының әлемдік деңгейіне қол жеткізуге бағытталған шешуші факторына айналып келеді.
Айта кетейік, жоғары оқу орындарының ұлттық сұранысқа ие рейтингісіне биыл 89 отандық оқу орны қатысты.
17.05.2020 ж. Ақпарат көзі: qazaq1913.com
|