Қазан федералды университетімен бірлескен вебинар
2020 жылы 15 мамырда Абай атындағы ҚазҰПУ- дың Халықаралық ынтымақтастық департаменті «Жаңа білім беру ақиқаты: қашықтан оқыту немесе толыққанды онлайн - білім беруге жедел көшу» тақырыбында вебинар өткізді.
Вебинар спикері - Қазан федералды университетінің сырттай байланыстар жөніндегі проректоры, «Білім берудегі менеджмент» курсының оқытушысы Тимирхан Алишев. Ол ЖОО-да қашықтан оқыту жүйесіндегі оқытудың қазіргі жағдайын әлеуметтанулық зерттеудің нәтижелерін ұсынды, онлайн - білім беруге көшудің жалпы мәселелері мен қауіп-қатері туралы айтты.
Кездесу белсенді диалог пен пікірталас режимінде өтті, оған әкімшілік-басқару қызметкерлері, профессор-оқытушылар құрамы, докторанттар мен магистранттар қатысты. Аудитория КФУ-да әлемдік деңгейдегі білім беру жүйесін құруда Сингапур тәжірибесін қолдануға қызығушылық танытты.