Магистратураға тапсыру үшін қажетті құжаттар тізімі
Магистратураға түсу талаптары: - Бакалавр дипломы; - түсу емтиханын тапсыру үшін шетел тілін тиісті деңгейде білу.
Магистратураға тапсыру үшін қажетті құжаттар тізімі: 1. Ректордың атына өтініш (үлгі бойынша); 2. Жеке куәлігінің көшірмесі; 3. Талапкер сауалнамасы (көк сиямен өз қолымен баспа әріптерімен жазылады); 4. Нотариус куәландырған диплом және оның қосымшасының көшірмесі; 5. Ғылыми және оқу-әдістемелік жұмыстарының тізімі; 6. 086-У түрі бойынша медициналық анықтама; 7. Кадр есебі жөніндегі жеке іс парағы; 8. Нотариус куәландырған еңбек кітапшасының көшірмесі; 9. Егер бар болса шетел тілін тапсырғаны туралы сертификат (TOEFL және т.б.); 10. Мекеме атынан оқуға ақылы негізде түсушілер үшін шартқа отыру және оқудың төлемақысын төлейтіндігі туралы кепіл хат немесе заңды тұлғамен келісім шарт; 11. 3х4 көлеміндегі 6 фотосуреті; 12. Құжаттарының тізімдемесі. 13. Жеке іс қағазының титул беті.
Қабылдау емтихандары Магистратураға талапкер ҚР азаматтары тапсырады: - стандартталған сынақтан өткізу технологиясы бойынша шетел тілін (ағылшын, неміс, француз); - мамандығы бойынша. Шетел азаматтары тапсырады: - қазақ немесе орыс тілін (оқу тілі); - мамандығы бойынша.
Магистратураға үміткерлердің құжаттарын қабылдау Абай атындағы ҚазҰПУ-де 2013 жылдың 10 мен 30 шілде аралығында жүргізіледі. Мекен-жайы: 050010, Алматы қ., Жамбыл көшесі 25, № 5, 7, 8 каб. Тел.: +7(727) 291-18-35, 291-40-85, 293-86-38. Ақылы оқуға қатысты анықтама хабарларды 291-18-35 телефоны арқылы алуға болады. Сайт: www.kaznpu.kz; imid.kaznpu.kz
|